» » АЙЛАСЫ КӨП АЛАЯҚ, АЛДАП КЕТУІ ОҢАЙ-АҚ

АЙЛАСЫ КӨП АЛАЯҚ, АЛДАП КЕТУІ ОҢАЙ-АҚ

Заман дамыған сайын алаяқтықтың жолы да көбейіп келеді. Әсіресе, жаһандық трендке айналған жасанды интеллекттің жаппай қолданысқа енуі олардың да қолын ұзартып, алдау амалын көбейте түсті. Елімізде де интернет алаяқтарынан зардап шеккендердің саны жылдан-жылға артып бара жатыр. Себебі қаскөйлер заманына қарай амалын жасайды.
Қазір танымайтын адаммен бейнеқоңыраумен сөйлесудің өзі қауіпті. Өйткені олар сөйлесу барысында адамның бетәлпетін фото-видеоға түсіріп алуға тырысады да, кейін face id арқылы мобильді банкингтің көмегімен ақшаңды үптеп кетуі әбден мүмкін. Сондай-ақ әлеуметтік желіде ең көп таралған алдау түрі – ватсап немесе телеграм мессенджерлеріне сілтеме жіберу. Демек, телефоныңызға келген әртүрлі сілтемеге кіре беруге болмайды. Өйткені алаяқтар сілтемені басқан сәтте жеке деректі алып, өз мақсатына қол жеткізеді.
Бірде құрбыма бейтаныс біреу қоңырау шалып, «Қазпоштадан сәлемдеме келіп тұр. Бір сағаттан кейін жеткізуші затты үйіңізге жеткізіп береді, кіру ақысы төленіп болған, сіз ештеңе төлемейсіз, тек қабылдап алсаңыз болды» депті. Құрбым өзінің ешқандай затқа тапсырыс бермегенін айтса, сізге 1414-тен смс барады, сол 6 санды айтыңыз дейді. Әрине, біздің елде ресми хабарламаның барлығы 1414-тен келеді ғой. Бірақ оған сеніп, 6 санды білместікпен айтып, алданып жатқандар қаншама?!
Мұнан бөлек, жақын туыстаныстарының суретін қойып, «картаңда 200 мың болса жіберші, кешке қайтарамын» деген сынды толассыз алаяқтық хаттар қаптап кеткен. Жақынынан көмекті аямайтын жандардың біразының аузы күйді. Жатқа сенбесе де, жақынына сенеді емес пе?! Ал сол «танимын, білемін» деген адамының артында өзі емес, өзге тұрғанын қайдан білсін?! Иә, қазір екінің бірі әккі қуларға жем болғанын көз көріп, құлақ естіп жүр. Расымен алаяқтардың ашкөздігі мен кей адамдардың сенгіштігі бұл мәселенің өзектілігін әлі де жоймай келеді. Бірін құрықтаса, басқасына ауысады. Адамдардың бірін-бірі алдауға, арбауға дайын тұратын, аңқау елге арамза молда болғысы келетіндер қатары көбейген қоғамда өз-өзіңізге бекем болмасаңыз қиын.
Қазір дамыған елдерде жасанды сана арқылы алдау өте тез етек алып барады. Алаяқтар үшін біреудің бет-бейнесін, дауысын жасау қиын жұмыс болмай қалды. Соңғы кездері кейбір елдерде дәл осы жасанды сананың көмегімен бала ұрлау қылмысы да көбейген.
Алаяқтарға алданып қалмас үшін телефоныңызға келген белгісіз сілтемені баспаңыз. «Біз банктенбіз» деп телефон шалса да, жіберілген СМС құпия сөзін ешкімге айтуға, танымайтын адамнан келген видеобайланысты қосуға болмайтынын әркез естен шығармау қажет. Иә, алаяқтардың арбауы да алдауы өзгермейді. Аңқау адам барда олардың тыйылуы да қиын. Арзанға немесе алдауға сеніп, арандап қалмау өз қолымызда. Ол үшін сақ болуымыз керек. Шынында, құрығы ұзын алаяқ, алдап кетуі оңай-ақ…
Ақнұр САҒЫНТАЙ
18 желтоқсан 2024 ж. 73 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (10362)

07 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 905

Сұхбат

Мәдениет

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.
БАБАДАН ҚАЛҒАН ҰЛЫ ӨНЕР

БАБАДАН ҚАЛҒАН ҰЛЫ ӨНЕР

08 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 939

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031