» » Тәуелсіздік – ең қымбат қазынамыз

Тәуелсіздік – ең қымбат қазынамыз


Қазақ елі деген ұлы сахараны қазаққа сан ғасырлар бойы Тәңірдің өзі еншіге бөліп берген. Себебі күллі түркінің төркініне айналған, қан тазалығын сақтаған, шындық мінберін бағындырған, аруағын сыйлаған ұлы елміз.  Несін жасырайық, Кеңес үкіметінің 70 жылдық бодандығынан кейін ұлттық рухымыз дегредацияға ұшырады. Дегенмен, 33 жылдан бері, еркіндікке аяқ басқалы еңсе тіктеліп, жанарда жылт еткен от пайда болып, өзек өксіктен арылды. Тәуелсіздікке қан мен тердің арқасында қол жеткіздік, енді оны ары қарай сақтап қалу тіпті қиын. Ол үшін күнде, сәт сайын еркіндік үшін, елдік үшін күрес керек.
Ал енді еркіндік дегеніміз не? Еркіндік – шабыты мол ақынның өлеңі сынды дүние. Бостандық шектелгенде өлең де дүниеге келмейді. Адамда ішкі тәуелсіздік болмаған жағдайда тордағы тотыдай түн сайын тұншығады. Әлдекім алқымынан буындырып тұрғандай күй кешеді. Ал мемлекет бодандықта болса, еркін жүріп-тұру да, күлу де, күрсіну де қиын...
Қазақ халқының тәуелсіздікке жету жолы жеңіл болған жоқ. Сан ғасырлық тарихымыз шежіредей сыр шертеді. Елдігіміздің бастауы – Түрік қағанатынан, Алтын Орда дәуірінен, Қазақ хандығының құрылуынан басталса, тәуелсіздік үшін күрес отарлау саясаты кезінде ерекше сипат алды.
Абылай ханның бірлікке үндеген саясаты, Кенесары ханның батырлығы, Исатай мен Махамбеттің ел азаттығы үшін күресі, Алаш арыстарының ұлт үшін тер төгуі – осының бәрі қазақ халқының еркіндікке деген ұмтылысының жарқын мысалы. ХХ ғасырдың басында Алаш қозғалысы қазақтың ұлттық санасын оятып, егемендікке ұмтылысын арттырса, Желтоқсан оқиғасы қазақ жастарының қайсарлығы мен батылдығын көрсеткен маңызды тарихи кезең болды.
Тәуелсіздік жолы – күреске толы тарих. Қазақ халқы жоңғар шапқыншылығына қарсы тұрып, ұлттық бірлігін нығайтты. 1731 жылы Ресеймен одақ құру арқылы белгілі бір қауіп-қатерден сақтануға тырысса да, уақыт өте келе отарлық биліктің ауыртпалығын бастан кешті. 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы қазақ жастарының еркіндікке деген ұмтылысының символы болып қалды. Бұл оқиға елдің тәуелсіздік алуға жақындағанын көрсеткен тарихи бетбұрыс болды. 1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін жариялады. Бұл күн – ата-бабамыздың ғасырлар бойы аңсаған арманының жүзеге асқан күні. Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан әлемдік аренада өз орнын тауып, даму жолын таңдай білді.
Тәуелсіздік бізге тек саяси еркіндік қана емес, мәдени, рухани, әлеуметтік еркіндікті де сыйлады. Елдің мемлекеттік тілі – қазақ тіліне ерекше мән беріліп, ұлттық салт-дәстүрлеріміз қайта жанданды. Бабалардан қалған ұлы мұра – ұлттық рухымызды сақтау, оны кейінгі ұрпаққа жеткізу тәуелсіздіктің басты құндылықтарының бірі. Сондай-ақ, тәуелсіздік – экономикалық даму мен тұрақтылықтың кепілі. Қазақстан табиғи ресурстары мен геосаяси орнының арқасында әлемдік деңгейде беделді мемлекетке айналды.
Бүгінгі тәуелсіз Қазақстанның басты байлығы – жас ұрпақ. Жастарымыздың білімді, патриот, жауапкершілігі жоғары болуы – ел болашағының жарқын кепілі. Тәуелсіздікті сақтау және оны нығайту – жас ұрпақтың міндеті. Қазіргі жастардың бойында ой еркіндігі, сөз еркіндігі, сана еркіндігі, жүрек еркіндігі деген ұғымдар қалыптасқан. Мемлекет те жастарды қолдау мақсатында көптеген бағдарламалар жүзеге асырып, олардың бәсекеге қабілетті болуына жағдай жасап келеді. Еліміздің болашағы жастардың қолында екені сөзсіз. Сондықтан әрбір жас азамат тәуелсіздіктің қадірін түсініп, оның қастерлі ұғым екенін жадында сақтау қажет.
Тәуелсіздік – бұл біздің тарихымыздың ең басты жетістігі. Ол – ата-бабаларымыздың арманы, бүгінгі ұрпақтың мақтанышы, болашаққа қалатын аманаты. Қазіргі тәуелсіз Қазақстан – ынтымағы жарасқан, көпұлтты, бейбітшілік пен тұрақтылықты ту еткен мемлекет. Осы құндылықтарды сақтай отырып, алға қадам басу – біздің басты парызымыз.
Тәуелсіздік – бұл әр халықтың ғасырлар бойы аңсап, күресіп, армандап жеткен ұлы жеңісі. Ол тек мемлекет үшін ғана емес, әрбір адам үшін де аса маңызды құндылық. Тәуелсіздік – еркіндік, егемендік, елдік белгісі, болашаққа деген сенімнің негізі. Қазақ елі үшін тәуелсіздік – ұлттың рухани жаңғыруының, мәдениетінің, тілі мен дәстүрінің жаңарып, қайта гүлденуінің айқын белгісі.
Лаура БАҚТЫБАЕВА
16 желтоқсан 2024 ж. 143 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (10362)

07 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 901

Сұхбат

Мәдениет

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.
БАБАДАН ҚАЛҒАН ҰЛЫ ӨНЕР

БАБАДАН ҚАЛҒАН ҰЛЫ ӨНЕР

08 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 935

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031