» » Алаяқтыққа - жол жоқ!

Алаяқтыққа - жол жоқ!

Соңғы уақыттарда алаяқтықтың көп жасалуына байланысты, оның жиі кездесетін жағымсыз құбылысқа айналып кету қаупі туындап отыр.
Қылмыстық кодекстің 190-бабына сәйкес алаяқтық-бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау, сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлікке құқықты иемдену болып табылатынын назарларыңызға салғым келеді.
Қазіргі уақытта ең көп алаяқтық ғаламтор желісін пайдалану арқылы жасалады, бұл тәсілдер автоқосалқы бөлшектерін, ұялы телефондар және басқа да тауарларды ғаламтор желісі арқылы сатумен байланысты. Қазіргі уақытта әлеуметтік желілер немесе басқа да ғаламтор ресурстары арқылы ( мысалы, «OLX», «Колеса», басқа да танымал сайттар) тауар сату туралы жалған хабарламалар таратып, есеп-шоттарына алдын ала төлем жасатып, кейін сатып алған тауарларын (автоқосалқы бөлшектер, басқа заттар) жолдаймыз деген сылтаумен ақшаларын жымқырған бірнеше қылмыстық істер тергелуде.
Тағы алаяқтықтың бір түрі ол ақшаға жұмысқа орналастырамын деген сылтаумен алдап, ақшасын иемдену. Көпшілік жағдайда алаяқ жәбірленушіге басқа облыстарға жалақысы көп мұнай өңдеу саласындағы вахталық жұмысқа орналастыратындығына сендіріп, ақшасын жымқырып алады.
Сол себептен ғаламтор желісі арқылы тауар сатып алған уақытта өте мұқият болу қажет, танымайтын бөгде адамдардың есеп-шотына ақша аудара отырып, Сіз алаяқтыққа ұрынуыңыз әбден мүмкін.
Сондықтан танымайтын адамдармен байланыс жасамауды, ұялы телефондарыңызды себептен себепсіз басқа адамға қолдануға бермеу қажеттігін ескертемін.
Д.Сахи,
Байқоңыр қалалық сотының
Бас маманы
26 қараша 2024 ж. 118 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

№2 (10370)

10 қаңтар 2025 ж.

№1(10369)

07 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 287
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031