» » Алаяқтан сақтаныңыз

Алаяқтан сақтаныңыз

Алаяқтық – алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлікке құқықты иемдену. Қылмыстың бұл түрі меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар санатына жатады. Яғни, қылмыскер алдау-арбау амалдарын қолданып, басқаның сеніміне кіру арқылы қылмыс құрбанының мүлкін жымқыруды көздейді және басты мақсаты – осы жолмен пайда табу.
Алаяқтық жағдайында ақша қол сұғушылықтың басты заты болып табылады. Ақшаны заңсыз алу үшін қылмыскер әдетте болашақ жәбірленушіге шын мә­нінде орын алған тәрізді оқиғалар мен жағдайлар туралы немесе іс жүзінде орын алғанымен, бұрмаланған деректер туралы мағлұмат береді.
Алаяқтық бөтеннің мүлкін заңсыз айналдырудың ішінде жалған құжаттар арқылы алдау әдісі көп қолданылады. Жалған құжаттарды беріп отырып, алаяқ оған бөтен мүлікті алуға құқық беретін тә­різді алдамшы фактілерді немесе жағ­дайлардың бар екендігін растайды. Сөйтіп, ол иелігінде мүлкі бар адамды шатастырады.
Қазіргі уақытта алаяқтықтың көп тараған түрі – интернет алаяқтық. Яғни, әлеуметтік желілерді пайдалану арқылы халықты салым салу жолымен ақшаны еселеп қайтарып алуға үгіттеп, қызықтыру.
Одан бөлек, «OLX», «Instagram», тағы басқа желілер арқылы жалған жарнамалар жариялап, уақытша ашылған есеп шоттарға ақша аударымдарын жасату.
Қылмыс ниетін ақырына дейін жеткізген алаяқ, аталған ақша қаражатына иелік етуге толық мүмкіндігі болған сәттен байланыс құрылғыларын өшіріп, ізін суытуға кіріседі.
Нәтижесінде алаяқтың арбауына түскен тұрғындар келісілген мүлікке қол жеткізуге немесе өз қаражаттарын кері қайтарып алуға мүмкіндіктері таусылып, құқық қорғау органдарына жүгінуге мәжбүр болады.
Ағымдағы жылдың 10 айында ау­дандық полиция бөлімімен 19 алаяқтық қылмысы тіркелсе, оның 14-і интернет ресурстарын пайдалану жолымен жасалып, бұл қылмыс түрінің 74 процентін құраған.
Ал, өткен жылы тіркелген 8 алаяқтық қылмысының 3-і немесе 37 проценті интернет ресурстарын пайдалану жолымен жасалған.
Бұл қылмыс түрі өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда екі еседен жо­ғары өссе, интернет алаяқтық үш есеге жуық өскен.
Яғни, аталған қылмыстың құрбаны болудан сақтану жөнінде қанша түсіндіру жұмыстары жүргізілгенімен, тұрғындар салымдар салу арқылы оңай олжа табу, басқа өңірлерден арзан затқа қол жеткізу мақсатында ақша аударымдарын жасап, алаяқтардың тұзағына іліну фактілері толастамай, үдей түсуде.
Бұндай фактілерге қатысты түскен жүгінулер бойынша полиция органдары барлық тиісті процессуалдық әрекеттерді қол­данғанымен, нақты қылмыскерді анық­тауға бағытталған дәлелдемелерді жи­нақтау ұзақ уақытты талап ететін процесс.
Сондықтан, қылмыс құрбаны болудан сақтануға барлық сақтық шараларын қолдануымыз керек.
Ол үшін интернет арқылы қандай да бір шарт жасасу кезінде қарсы тараптың жеке басын, тұрғылықты мекен-жайын, банктік есеп шотының қай кезден бастап жұмыс жасайтынын, байланыс номерлерінің кім­нің атына қай кезде тіркелгенін, тағы басқа мәліметтерді растайтын құжаттарын талап етіп, оның шынайылығына көз жеткізу қажет.
Алаяқтың арбауына берілмей, сергел­деңге түсуден сақтану өз қолыңызда.

Е.МУСАЕВ,
Қармақшы аудандық прокуратурасының
аға прокуроры
16 қараша 2021 ж. 812 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 133

Сұхбат

ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ
19 қараша 2024 ж. 141

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 286

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930