» » Алаяқтан сақтанайық

Алаяқтан сақтанайық

qarmaqshy-tany.kz Алаяқтық – алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтеннің мүлкін жымқыру немесе құқықты иемдену.
Яғни қылмыскер алдау-арбау амалдарын қолданып, басқаның сеніміне кіру арқылы қылмыс құрбанының мүлкін жымқыруды көздейді және басты мақсаты – осы жолмен пайда табу.
Алаяқтық жағдайында ақша қол сұғушылықтың басты заты болып табылады. Ақшаны заңсыз алу үшін қылмыскер әдетте болашақ жәбірленушіге шын мәнінде орын алған тәрізді оқиғалар мен жағдайлар туралы немесе іс жүзінде орын алғанымен, бұрмаланған деректер туралы мағлұмат береді.
Алаяқтықта бөтеннің мүлкін заңсыз айналдырудың ішінде жалған құжаттар арқылы алдау әдісі көп қолданылады. Жалған құжаттарды беріп отырып, алаяқ оған бөтен мүлікті алуға құқық беретін тәрізді алдамшы фактілерді немесе жағдайлардың бар екендігін растайды. Сөйтіп, ол иелігінде мүлкі бар адамды шатастырады.
Байқоңыр қалалық прокуратурасы қала тұрғындарына төменде көрсетілген кең таралған алаяқтық түрлері бойынша сақтық шараларын қолдану қажеттігін түсіндіреді.
Телефон алаяқтары. Ұялы байланыс арқылы кездесетін алаяқтардың мақсаты – алдау арқылы Сіздің ақшаларыңызды белгілі бір шотқа аудару немесе басқа да мекен-жайға жіберу.
Аталған алаяқтық түрінің кең таралғаны – телефон байланысы арқылы Сіздің жақын туысыңыздың ауыр жағдайда екенін айтып, оның осы жағдайдан құтқару мақсатында белгілі сомадағы ақша қаражатын белгілі адамның атына аударуды сұрайды.
Жылжымайтын мүлік. Жылжымайтын мүлік нарығында алаяқтықтың көп түрлері орын алуда. Көбіне «жаңа тұрғын үйден пәтер алуға көмек көрсетемін» деп алған қаражаттарды жеке басына жұмсау деректері кездесуде.
Сонымен қатар, жылжымайтын мүлікті жалған меншік құқығын танитын құжаттарымен сату бойынша азаматтарды алдау жолымен ақшаларын алып қою жағдайлары да орын алуда.
Несие беру бойынша. Алаяқтардың басым бөлігі несие алу мен несие жабуды ұсыну кезінде кездеседі. Кей жағдайларда несие саласындағы алаяқтар ірі мөлшерде несие алу мақсатында несие беру жөніндегі өтінімдердің мәліметтерін бұрмалайды. Мұндай жағдайларға жол бермеу қажет, себебі несие туралы мәліметтерді бұрмалау заңмен көзделген жауаптылыққа, оның ішінде қылмыстық жауаптылыққа әкеліп соқтыруы әбден мүмкін.
Алаяқтар тарапынан берілген мұндай ұсыныстар заңға қайшы немесе шындыққа сәйкес келмеуі мүмкін. Осындай жағдайлардың нәтижесінде Сізге берілген ұсыныстар орындалмай, керісінше қосымша қаржыларыңызды жоғалтып, ұзаққа созылатын сот процестерінің қатысушысына айналасыз.
Сондықтан алаяқтардың қақпанына түсіп қалмау үшін несие алу кезінде тек банк қызметкерлерінен кеңес алып, заңда көзделген тәртіпте несие алыңыздар.
Жұмыс ұсыну. Азаматтарды жұмысқа орналастыру кезінде де алаяқтық көптеп кездесуде. Жұмыс іздеушілер жұмыс табу мақсатында жұмысқа тұрғызамын деп қызмет ұсынғаны үшін алаяқтар жоғары бағамен ақша қаражаттарын алуда.
Егер сіз алаяққа кездесіп қалсаңыз, өз бастамаңызбен мәселені шешуге асықпаңыз. Бұл жағдайда қылмыстың орын алған жері бойынша дереу полиция немесе прокуратура органдарына арызданып, қылмыскерлерді іздестіру жұмыстарын жеңілдету және келтірілген залалды қайтару үшін арызға істің мән-жайын толық анықтауға жәрдемдесетін мәліметтерді көрсету қажет.
Байқоңыр қаласының прокуратурасы
30 қазан 2022 ж. 638 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 026

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031