Алаяқ арбауынан аулақ болыңыз
Құрметті аудан тұрғындары!
Заман талабына сәйкес ақпараттық жүйелер мен электронды-техникалық байланыстар да қарыштап дамуда.Интернет желілері мен электронды құрылғыларды пайдалану арқылы жасалатын алаяқтық қылмыстары соңғы жылдары өңірімізде өршіп тұр.
Қылмыскерлер алдау және бөтеннің сеніміне кіріп, оңай олжаны иемдену әдістерін үнемі өзгертіп отырады.
Соңғы уақытта қылмыскерлердің жиі қолданып жүрген және жәбірленушілерге ірі мөлшерде мүліктік залал келтіретін әдістері - ұялы телефон арқылы тұрғындарға хабарласып, полиция және басқа да құқық қорғау органының атын жамылып, баласының (немесе басқа да жақын туыстары) есірткі затымен (немесе басқа да ауыр қылмыстық құқық бұзушылығы үшін) ұсталғанын хабарлайды.
Одан әрі баласын қылмыстық жауаптылықтан құтқаруға мүмкіндігі бар екенін айтып, қомақты қаржы берген жағдайда мәселенің шешілетінін жеткізеді.
Қажет болған жағдайда жасанды дауыстарды салып, телефон арқылы баласымен сөйлестіреді.
Кейбір жағдайларда қылмыскер бұл мәселе бойынша ешкімге хабарласпай, қаржыны дереу аударуды талап етеді және артық байланыс жасаса жағдайдың күрделенетінін ескертеді.
Бұдан әрі аталған оқиғаны шынайы түсінген тұлғалар алаяқтың арбауына түсіп, сұраған қаржыны қылмыскердің есепшотына ойланбастан тез және толық аударуға тырысады.
Тиісті қаржы аударылғаннан кейін қылмыскерлер хабарласқан ұялы телефондардың барлық номерлеріне қоңырау шалу мүмкін болмай, өшіріледі.
Осыған орай, құрметті аудан тұрғындары егер Сіздерге бөгде адам телефон арқылы хабарласып, Сіз үшін маңызды болып табылатын қандай да бір мәселені шешіп беруге уәде беріп, ол үшін алдын ала қаржы аударуда сұраса, дереу мән жайдың шынайылығына міндетті түрде көз жеткізіңіз.
Сонымен қатар, аудан тұрғындарынан бөгде тұлғаларға дербес деректерін, жеке басты куәландыратын құжаттарын, банк кәртішкелерін және олардың деректемелерін бермеу, әлеуметтік желі арқылы қандай да бір қызмет немесе зат үшін алдын ала ақша аудармау сұралады.
Жергілікті полиция қызметі бөлімшесі