» » Алаяқ арбауынан аулақ болыңыз

Алаяқ арбауынан аулақ болыңыз


ЗАМАН ТАЛАБЫНА СӘЙКЕС АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕР МЕН ЭЛЕКТРОНДЫ-ТЕХНИКАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАР ДА ҚАРЫШТАП ДАМУДА.
Бұл процестің ел және халық игілігі үшін оң әсері болғанымен осы мүмкіндікті кейбір теріс ниетті адамдар жеке бас пайдасына жаратып, қылмыстық әрекеттерін жүзеге асырып, тұрғындарға айтарлықтай залал келтіруде.
Алаяқ алдау-арбау амалдарын қолданып, басқаның сеніміне кіру арқылы қылмыс құрбанының мүлкін жымқыруды көздейді және басты мақсаты – осы жолмен пайда табу.
Интернет желілері мен электронды құрылғыларды пайдалану арқылы жасалатын алаяқтық қылмыстар соңғы жылдары өңірімізде өршіп тұр.
Қылмыскерлер алдау және бөтеннің сеніміне кіріп, оңай олжаны иемдену әдістерін үнемі өзгертіп отырады.
Соңғы уақытта қылмыскерлердің жиі қолданып жүрген және жәбірленушілерге ірі мөлшерде мүліктік залал келтіретін әдістері – ұялы телефон арқылы тұрғындарға хабарласып, полиция және басқа да құқық қорғау органының атын жамылып, баласының (немесе басқа да жақын туыс­тары) есірткі затымен (немесе басқа да ауыр қылмыстық құқық бұзушылығы үшін) ұсталғанын хабарлайды.
Одан әрі баласын қылмыстық жауаптылықтан құтқаруға мүмкіндігі бар екенін айтып, қомақты қаржы берген жағдайда мәселенің шешілетінін жеткізеді.
Қажет болған жағдайда жасанды дауыстарды салып, телефон арқылы баласымен сөйлестіреді.
Кейбір жағдайларда қылмыскер бұл мәселе бойынша ешкімге хабарласпай, қаржыны дереу аударуды талап етеді және артық байланыс жасаса жағдайдың күрделенетінін ескертеді.
Бұдан әрі аталған оқиғаны шынайы түсінген тұлғалар алаяқтың арбауына түсіп, сұраған қаржыны қылмыскердің есепшотына ойланбастан тез және толық аударуға тырысады.
Тиісті қаржы аударылғаннан кейін қылмыскерлер хабарласқан ұялы телефондардың барлық нөмірлеріне қоңырау шалу мүмкін болмай, өшіріледі.
Алданғанын білген тұлға жақындарына осы сәттен бастап хабарласып, мән жайға толық көзі жетіп, ірі залалға ұшырап, опық жейді.
Ағымдағы жылдың өзінде аталған әдіспен жасалған 2 қылмыстық іс тіркеліп, жәбірленушілерге 1 000 000 теңгеге жуық мүліктік залал келтіріліп отыр.
Осыған орай, құрметті аудан тұрғындары егер Сіздерге бөгде адам телефон арқылы хабарласып, Сіз үшін маңызды болып табылатын қандай да бір мәселені шешіп беруге уәде беріп, ол үшін алдын ала қаржы аударуды сұраса, дереу мән жайдың шынайылығына міндетті түрде көз жеткізіңіз.
Сонымен қатар, аудан тұрғындарынан бөгде тұлғаларға дербес деректерін, жеке басты куәландыратын құжаттарын, банк кәртішкелерін және олардың деректемелерін бермеу, әлеуметтік желі арқылы қандай да бір қызмет немесе зат үшін алдын ала ақша аудармау сұралады.
Қармақшы аудандық
прокуратурасы
08 ақпан 2022 ж. 473 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 036

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031