Шеберлік шығармашылықпен шыңдалады
«Нашақорлыққа жол жоқ!» жобасы аясында аудандық прокуратура мен аудандық білім бөлімі бірлесіп Оқушылар үйінде «Есірткінің адамзатқа кесірі» атты аудандық сурет байқауын ұйымдастырды.
Балалардың зиянды әдеттерден аулақ болып, өзін де, өзгені де зиянды әдеттердің қасіретінен қорғай білуге үйрету, салауатты өмір сүруге баулу мақсатында өткен байқауға аудан мектептерінен 23 білім алушы қатысты. Байқау өте тартысты әрі қызықты өтті. Жас қылқалам шеберлері шығармашылық жұмыстарында есірткінің адам өміріне зияны мен жақындарына келетін кесірін бейнеледі.
Байқау нәтижесі бойынша жүлделі І орынды No105 мектеп-лицейінің 8-сынып оқушысы Еркеназ Нұрланова, ІІ орынды No29 мектептің 8-сынып оқушысы Фариза Бұхарбаева, No279 мектептің 8-сынып оқушысы Айым Қуанышова, ІІІ орынды Оқушылар үйінің «Бейнелеу өнері» үйірмесінің мүшесі Айару Қалабай, No269 мектептің 8-сынып оқушысы Жібек Жеткергенова, No274 мектептің 8-сынып оқушысы Гаухар Калмагамбетова иеленсе, No273 мектептің 9-сынып оқушысы Камила Бектаева, No277 мектептің 9-сынып оқушысы Сымбат Ерханова, No186 мектептің 7-сынып оқушысы Айару Сағындыққызы Алғыс хаттармен марапатталса, байқау жеңімпаздары білім бөлімінің Дипломымен мадақталды.
Марал МҰРАТҚЫЗЫ,
аудандық Оқушылар үйі бұқаралық-ұйымдастыру бөлімінің жетекшісі