» » ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫ-ПАРТИЯ НАЗАРЫНДА

ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫ-ПАРТИЯ НАЗАРЫНДА

Инклюзивті білім беру бүгінгі таңда әлем жұртшылығының назарын аударып отырған мәселе. Бұл балалардың жеке сұраныстары мен ерекшеліктеріне ортаның, отбасының қатысуымен білім беру үрдісіне толық қосуды талап етеді.
Ерекше білім алу қажеттілігі бар балалардың арнайы мамандар жоқ мектептерде білім алып, бағдарламаны игеру сапасы төмен болатындығы анық. Осының салдарынан үйден білім алатын оқушылар саны да көбейіп кетті.
Үйден білім алатын балалардың басым бөлігі жүрек, бұйрек, бауыр, лейкемия секілді сомматикалық сырқаттармен ауыратын бала болса, бүгінгі күні психикалық дамуы тежеленген, көру,есту, сөйлеу қабілеті бұзылған балалар да білім алуда.
Осы орайда «AMANAT» партиясы Қармақшы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Ғ.Ақжігітов және партиялық бақылау комиссия төрағасы А.Скендіров, комиссия мүшесі Ә.Мерекова және білім саласы қызметкерлері партияның "Кедергісіз келешек" жобасы аясында мүмкіндіктері шектеулі балалардың үйлерін аралады.
Партия мүшелері мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарымен тілдесіп, хал-жағдайларын білді. Атқарушы хатшы бұл топтағы балалардың оқу үлгерімі мен хал-ахуалы әрдайым партия назарында болатындығын жеткізді.
Алдағы уақытта бұл шара жалғаса бермек.
21 қараша 2024 ж. 391 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (10464)

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 083
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 741

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031