» » Бала құқығы - басты құндылықтардың бірі

Бала құқығы - басты құндылықтардың бірі


Адам құқығы - бала құқығын қорғаудан басталады. Қазіргі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі - балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу.

2024 жылдың 8 қараша күні №107 орта мектебінде ҚР Бала құқықтары туралы Конвенция мен Дүниежүзілік балаларды қорғау күніне орай "Кәмелетке толмағандардың құқықтық санасын жоғарылату" тақырыбында 9-11 сынып оқушыларының қатысуымен жиналыс өтті.

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында ұйымдастырылған жиында бала тәрбиесіндегі өзекті мәселелер талқыланды.

Келелі жиынға аудан прокуратурасының прокуроры Шаймаханов Нұржігіт Нұржанұлы, аудандық ата-аналар комитетінің төрағасы Әлиев Мағауия Бердібекұлы және балалар жасөспірімдер дене тәрбиесі даярлығы клубының жаттықтырушысы Байшылықов Дамир Бауыржанұлы қатысты.

Аталмыш басқосуда оқушыларға ҚР Бала құқықтары туралы Конвенция таныстырылып, әрбір жасөспірім өзінің құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын заңдарды білуі қажеттілігі түсіндіріліп, басқалардың құқықтарын бұзбауы, олардың өміріне, денсаулығына, ар-намысына қол сұқпауы керектігі айтылды.
Шара барысында мектеп оқушылары өздерін қызықтыратын сұрақтарын қойып, оларға жауаптар алды.

Жиын соңында мектеп директоры Нұрманов Бақытбек Мәнсүрұлы келешек ғұмырымызды жалғастырар ұрпағымыздың тәрбиесімен осы кезден бастап айналысып, жасөспірімдердің болашағына дұрыс бағдар беріп, рухани жан-дүниесін байыту басты парызымыз,- деп өз сөзін қорытындылады. Жасөспірімдерді түнгі беймезгіл уақытта заңды өкілсіз көшеде жүрмеуге, құқық бұзушылық жасамауға және әлеуметтік желілердегі құмар ойындардан бойын аулақ ұстауға шақырды.

11 қараша 2024 ж. 134 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031