» » 8 айдың ішінде 21 мың адам жол апатына ұшыраған

8 айдың ішінде 21 мың адам жол апатына ұшыраған

Фото: egov.kz
Биыл 8 айдың ішінде 21 мыңнан астам адам жол апатынан зардап шеккен. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 83% көп, деп хабарлайды BAQ.KZ Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетіне сілтеме жасап.

Ал ІІМ «Жүргізушілер өз жауапкершілігін түсініп, жол қағидаларын қатаң сақтамайынша апаттың алдын алу мүмкін емес» дейді. Жыл басынан бері полиция 495 мың шақырым жолға 32 мың тексеру жүргізіп, 57 мыңнан астам ақау анықтаған. Тиісінше автокөлік жолдарын күтіп ұстау жөніндегі талаптарды бұзған 4 мыңнан астам лауазымды және заңды тұлға жауапкершілік арқалады. Сондай-ақ әлеуметтік желідегі қаралым үшін қайғылы жағдайды таспаға түсіріп жариялау да құқық бұзушылық болып саналады.

Cоңғы уақытта әлеуметтік желілерде елді мекендерде жүргізушілердің өрескел заң бұза отырып, көлік басқарғаны туралы видеолар жиі кездесуде. Олар мұны қаралым жинап, рейтинг көтеру үшін жасайды. Ағымдағы жылдың 8 айында әлеуметтік желілерде 80-нен астам осындай жарияланым анықталды. Барлық құқық бұзушылар жауапқа тартылды, - деп мәлімдеді ҚР ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.
17 қыркүйек 2024 ж. 294 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 326
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031