» » Елде 5 326,8 мың көлік бар

Елде 5 326,8 мың көлік бар

Сурет ұлттық статистика бюросы 2023 жылғы желтоқсанда есепке 179,4 мың бірлік автокөлік құралдары қойылды, бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 44,5% артты, оның ішінде автобустар 24,5%, жүк автомобильдері 38% және жеңіл автомобильдер санының тіркеуі 45,2% артты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ұлттық статистика бюросының мәлімдеуінше, елімізде 2023 жылдың қаңтар-желтоқсан айында 1 191,3 мың автокөлік құралы тіркелді, 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда оның саны 1,6 есе артты.

Мәселен, 2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны

5 326,8 мың бірлікті құрады, оның ішінде 88% – жеңіл автомобильдер, 9,9% – жүк автомобильдері және 2,1% – автобустар.

2024 жыл басындағы Қазақстан автопаркінің көліктің шығарылған жылы бойынша көрінісі:

20 жылдан асқан – 2 459 мың автомобиль

10-нан 20 жылға дейін – 1 265,6 мың автомобиль

7-дан 10 жылға дейін – 680,7 мың автомобиль

3-тен 7 жылға дейін – 590,8 мың автомобиль

3 жылға дейін – 319,7 мың автомобиль

2023 жылдың 12 ай ішінде 15 886 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 22 097 адам зардап шеккен. 2022 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда оқиғалар саны 7,1%, зардап шеккендер саны 2,5% өскен).




17 ақпан 2024 ж. 500 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 073

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930