» » Жаңа жыл түні 56 мыңнан астам қазақстандық жедел жәрдем қызметіне жүгінді

Жаңа жыл түні 56 мыңнан астам қазақстандық жедел жәрдем қызметіне жүгінді


Жаңа жыл түні жедел жәрдем қызметі 56 мыңнан астам шақыртуға қызмет көрсетті, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚР ДСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, жаңа жыл күндері шұғыл медициналық қызмет қарқынды кестеде жұмыс істейді.

Өткен жылдың соңғы екі күнінде ел бойынша жедел медициналық жәрдем пультіне тұрғындардан 56 мың шақырту келіп түсті. Оның ішінде 1-3 шұғыл санаттағы шақыртулар 34 мыңды құрады, 4 санат бойынша 22 мың шақырту түскен.

Бұл ретте ең көп шақыртулар Алматы қаласында – 5800, Алматы облысында – 5000-нан астам, Түркістан облысында-460-тан астам және Астана қаласында – 4000-нан астам шақырту, Шымкент қаласында - 3000-нан астам шақырту болды.
Жалпы, осы күндері 150 мыңнан астам халқы бар елді мекендердегі көпбейінді ауруханалардың жанындағы 80 травматологиялық пункт шұғыл травматологиялық көмек көрсетеді.

150 мыңнан аз халқы бар елді мекендерде аудандық (166), қалалық (75) ауруханалардың қабылдау бөлмелерінде шұғыл травматологиялық көмек көрсетіледі.
Жаңа жылдық мерекелерде ел халқына жедел медициналық көмек көрсету үшін бір ауысымда 1 503 ЖМК бригадасы, оның ішінде 273 бригада мамандандырылған (дәрігерлік) және 1 230 фельдшерлік бригада жұмыс істейді.

МСАК ұйымдарында 4 санаттағы шақыртуларға қызмет көрсету үшін 464 бригада жұмыс істейтін болады.

baq.kz​​​
02 қаңтар 2024 ж. 239 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№64 (10432)

26 тамыз 2025 ж.

№63 (10431)

23 тамыз 2025 ж.

№62 (10430)

19 тамыз 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 275
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Жосалы жаңару жолында
26 тамыз 2025 ж. 308

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031