» » Киіз басу – ғажап өнер

Киіз басу – ғажап өнер



   «Қазір бізде ұлтымыздың дәстүрін жақсы білетін адам қалды ма? Киіз басу дегенді бүгінде кітаптан оқимыз ғой» деген замандасымның сұрағы біраз ойға жетеледі. Расында біз ұлттық болмысымыздан алыстап, ескіміз естен шыққан жоқ па? Тәуелсіздікпен құрдас біздер киіз басуды көзбен көрмедік. Алайда әжемізден «Бала күнімізде ауылдың үлкен әжелері бір-бірінің үйіне киіз басу үшін жиналатын. Ол күні мерекелік көңіл-күй орнап, аналарымыз қазан қайнатып, әңгіме-дүкен құратын» дегенді жиі естідім. Солардың сарқыншағы ретінде әжем бертінге дейін бөлмесіне киіз төсетіп келді. Ал қазір оның орнын заманауи кілемдер мен төсеніштер басты. Қолданыстан шыққан соң, қажеттілік те тумайды емес пе?
   Алайда соған қарамастан халқымыздың киіз басу өнерінің ұмытылып қалуына жол бермей, оны ұрпаққа ұлағат етіп жүрген жандар бар. Жуырда ғана Алдашбай ахун ауылында «Киіз басу – өнер маған» тақырыбында тәлімді іс-шара өткізіліпті. Оны ауылдық клуб үйі «Адал адам мәдени-тәрбие орталығы» тұжымдамасы бойынша «Жанұя шуағы» акциясы аясында  клуб үйінің қызметкерлері ұйымдастырған. Ұлттық құндылықты дәріптейтін іс-шараға ауыл әжелері ұйымшылдықпен қатысып, төл өнерді жаңғыртты.
– Бұл іс-шарада әжелеріміз киіз басудың әр тармағы бойынша қойдың күзем жүнін жуып, оны кептіріп, бірнеше түрге бояды. Әжелеріміз жүнді сабау, шиге салу, шабақтау, бет тарту, түр салу, булау, білектеу, қарпу, ұзындау, кірлеу, киіз пісіру секілді киіз басу кезеңдерін рет-ретімен түсіндіре отырып жасап шықты. Сонымен қатар киіз басу кезінде ұлтымыз қадірлейтін қазақтың ескі әндер айтылып, әрбір жүрекке құдіреттілігімен жол тартты. Іс-шара соңынан киіз басқан әжелерге клуб ұжымының ұйымдастыруымен қазақтың күрең шайы мен ет тартылды, – дейді ауылдық клуб үйінің көркемдік жетекшісі Гаухар Рақымова.
   Расында да, ертеде ата-бабамыз төр алдындағы текеметті де, ат тұрманындағы туырлықты да, бас киімінен бастап, аяғындағы шәркейіне дейін, киіз үйдің жабдығын, қызының жасауын, ұлының сауыт ішінен киер кебенегін киізден басып, тіккен. Киіз құндылығының жоғары болғаны соншалық, хан көтергенде де, халық ардақтысын ақ киізге отырғызған. Киіздің қазақтың салт-дәстүр, әдет-ғұрпымен астарласа үндесіп жатқанының тағы бір дәлелі, ел ішінде «киіз туырлықты, ағаш уықты қазақпыз» деген сөз мәтелге айналған.
Ардақ СӘКЕНҚЫЗЫ
24 тамыз 2024 ж. 209 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 254

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 354

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930