» » Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытындағы іс-шара

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытындағы іс-шара


Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық проблемасына ерекше назар аударылған. Өздеріңіз білетіндей, көп жағдайда тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әйелдер, яғни құқық бұзушылардың әйелдері немесе азаматтық жұбайлары болып табылады. Тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін заңмен денсаулыққа келтірілген зиянның ауырлығына байланысты әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске саламыз.
Қармақшы аудандық прокуратурасының прокуроры Н.Шаймахан, Қармақшы ауданының полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы полиция капитаны А.Касимова және «Отбасын қолдау орталығының» психологі Т.Тұрашовамен зорлық-зомбылықтың құрбаны болған, құқық бұзушылықты жасауға бейім тұлғалардың мекен-жайлар араланып, профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Рейд барысында отбасылық жағдайлары назар аударылып, құқықтық және психологиялық кеңестер берілді.
Қармақшы аудандық полиция бөлімі тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары мен куәгерлерін азаматтық ұстаным танытуға және тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері туралы «102» арнаға дереу хабарлауға шақырады.

Қармақшы ауданы Полиция бөлімі,
Жергілікті полиция қызметі бөлімшесі,
Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобы

08 тамыз 2024 ж. 184 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№74 (10339)

17 қыркүйек 2024 ж.

№73 (10338)

14 қыркүйек 2024 ж.

№72 (10337)

10 қыркүйек 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 1 657

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30