» » » М.ЕРАЛИЕВАНЫҢ 70 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӘНШІЛЕР КОНКУРСЫ ӨТТІ

М.ЕРАЛИЕВАНЫҢ 70 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӘНШІЛЕР КОНКУРСЫ ӨТТІ


Қазақтың Ақбаяны атанған Мадина Ералиева ән әлемінде ерекше із қалдырған тамаша дауыс иесі. Оның репертуары лирикаға, шексіз махаббатқа толы болды. Талант иесі биыл көзі тірі болғанда 70 жастың желкенін керетін еді. “Орнында бар оңалар”,- дейді дана қазақ. Бүгін әншінің құрметіне арналған “Қазақтың Ақбаяны” атты тұңғыш республикалық әншілер байқауы түндігін түрді. Ән сайысына Қазақстанның әр өңірінен көмейіне бұлбұл ұя салған 15 жас әнші қатысты. Олар екі кезең бойынша сынға түсіп, сахна көркін қыздырды. Жас әншілерге Қазақ эстрадасында өзіндік орны қалыптасқан әншілер төрелік етті.

Конкурс қорытындысы бойынша жүлделі lll орынды Дариға Саттарова (Астана қаласы),Қарақат Базарбай (Қызылорда облысы), ll орынды Дулат Жасұзақ (Жамбыл облысы) және l орынды Мадина Қабдолла (Павлодар облысы) иеленсе, Бас жүлдені Асыл Жомартов (Түркістан облысы) жеңіп алды. Жүлдегерлерге қаржылай сыйлық табысталды.

Сондай-ақ, Қазалы ауданы әкімінің арнайы жүлдесі «Туған жер» номинациясы әншінің жерлесі Рахымжан Мақсатбаевқа ( Қазалы ауданы) табысталса, «Ақбаян» номинациясын Айбек Абдыашимұлы (Ұлытау облысы) иеленді.

Артында өшпес із қалдырған “Қазақтың Ақбаяны” ел жадында мәңгі жаңғыра бермек.

01 тамыз 2024 ж. 1 036 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№36 (10504)

16 мамыр 2026 ж.

№35 (10503)

13 мамыр 2026 ж.

№34 (10502)

09 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 120
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 704

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031