Бастырылу немесе ұйқы салы
Бастырылу - медицинада ұйқы салы деп аталады. Адамның ұйқы процессінде денесі физиологиялық салға ұшырап сөйлей де, қозғала да алмайды. Дәрігерлердің айтуы бойынша бұл жағдай көбіне психологиялық күйзеліс пен қан айналымының дұрыс еместігінен болады екен. Дегенмен бұл 2-3 минуттық сәтті дінмен көбірек байланыстырғанымыз жөн. Айналамыз тылсым күшке толы. Бұл әлеммен екінші әлемніңде қатар өмір сүріп жатқаны хақ.
Осы турасында басымнан бірнеше жағдайлар орын алғаны әлі есімде. Не түсім екені, не өңім екені белгісіз. Көзімді ашсам әлдененің үстімде отырып алып тұншықтырып жатқанын көрдім. Жанымда жатқан адамға «құтқар» депте айта алмаймын. Қозғалу мүлдем мүмкін емес. Осы сәтте ойымда тек кәлима мен «бисмилләһ» тұрды. Бірнеше қайталаудан соң ғана қара күштен әрең босадым. Таза жүріп, таза жерде жатсаңда, кәлима мен сүрелерді оқысаңда бұл жағдай орын алуы мүмкін. Бұдан арылудың жолы көзге көрінген әлденеден қорықпай, ойыңды жинақтап терең дем алу қажет. Сонымен қатар дәрігерге қаралып ем алу еш зияндық етпейді.
Айнұр ӘЛИ