Ұйқы салы немесе «жынмен» алысу
Барлығы емес, бірақ біршама адам осы ұйқы салына ұшырайтыны белгілі. Бұл әркімде әртүрлі болады. Мәселен, қара сұлба еңсеңді басады, не сөйлей алмайсың, не қозғала алмайсың. Медицинада мұны – ұйқы салы дейді. Яки, дәрігерлердің айтуынша, ұйқы салы қан айналымындағы ретсіздіктерден және психологиялық күйзелістерден пайда болады екен.Адам ұйқыда жатқанда физиологиялық салға ұшырап, бұлшықеттері қимылдай алмайды. Ал, оянса әрекет ете, дыбыс шығара алмайды.
Үстімізде ауыр жүк бардай, біреу отырып алған сияқты көрінеді. Біраздан соң өздігінен өтеді. Мұндай жағдай медицина тұрғысынан ауруға жатпайды, сондықтан емделуді талап етпейді. Алайда ұйқы салының алдын алуға да мүмкіндіктер бар екен. Жалпы, адамның ұйқы салына түсуі мына жағдайлар әсер етеді: Ұйқы тәртібінің бұзылуы; Ұйықтар алдында дұрыс тамақтанбау; Аз ұйықтау; Күйзеліс және депрессия; Кейбір дәрілік препараттардың кері әсері; Шалқасынан жату;
Дін не дейді?
Ал дін мұны – бастырылу деп атайды. Бастырылудан арылу үшін ұйқы алдында да намазға дайындалғандай дәрет алып жату керек. Сондай-ақ,
"Әузу-бисмилләһи минашшайтани ар-раджиим" сөзін айтып, оң жақпен жату қажет. Аят-әл курси, үш Ихлас, Фатиха, Фәлақ және Нас сүрелерін оқу керек. Одан кейін үш рет "Әстағфируллаһәл азыйм әлләзи лә иләһә иллә һу" деңіз.
"Әузу-бисмилләһи минашшайтани ар-раджиим" сөзін айтып, оң жақпен жату қажет. Аят-әл курси, үш Ихлас, Фатиха, Фәлақ және Нас сүрелерін оқу керек. Одан кейін үш рет "Әстағфируллаһәл азыйм әлләзи лә иләһә иллә һу" деңіз.
Ислам дініндегі қалжыңдап болса да айтылмайтын сөздер
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) "Үйінде Фатиха мен Аятул күрси оқыған адамға жын мен шайтан сол күні зиян тигізе алмайды. Көз тимейді", — деген.
Төмендегі хадис шәрифтердегі дұғаларды оқу керек: "Бисмилләһилләзи лә йәдурру мә’асмихи шәй ун фил әрди уә лә фиссама’и уә хуәссәми’ул алим" дұғасын азанда 3 рет оқыған адамға кешке дейін, кешке оқығанға азанға дейін ешқандай бәле келмейді" (Ибн Мажа) "Әузу бикәлимәтил-ләһит-таммәти мин шәрри мә халәқа" дұғасын оқыған адамға, сол жерден кеткенге дейін ешнәрсе зиян бере алмайды" (Мүслим).
Бізді Facebook-тан оқып, жаңалықтардан құлағдар болып отырыңыз. |
Айнұр ӘЛИ.