» » Меморандумның жоспары талқыланды

Меморандумның жоспары талқыланды


Ағымдағы жылдың маусым айының 11-і жұлдызында Қармақшы аудандық соты, Қармақшы аудандық прокуратурасы, Қармақшы аудандық полиция бөлімі және Қармақшы аудандық отбасын қолдау орталығы аралығында «Тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесіне» қатысты ықпалдасу және кеңесу тәртібінде атқаратын іс-шаралар туралы меморандумға қол қойылған болатын.
Осыған орай, ағымдағы жылдың шілде айының 31-і жұлдызында «Отбасын қолдау орталығының» мәжіліс залында Қармақшы ауданы прокуратурасының ұйымдастыруымен меморандум жұмыс жоспарының орындалу барысы талқыланды. Іс-шарада барысында отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық құқық бұзушылықтарының алдын алу бағыттағы жұмыстардың атқарылуы туралы жауапты тұлғалардың есептері тыңдалды.
Сонымен қатар, тәжірибеде кездесетін проблемалық мәселелерді бірлесіп шешу жолдары қарастырылып, ұсыныс-пікірлері ортаға салынып, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарының талаптары белгіленді.

Қармақшы аудандық Полиция бөлімінің
Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің
Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобы

02 тамыз 2024 ж. 146 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№74 (10339)

17 қыркүйек 2024 ж.

№73 (10338)

14 қыркүйек 2024 ж.

№72 (10337)

10 қыркүйек 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 1 643

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30