» » Жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату

Жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату

Жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату және жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түріне ауыстыру кешенді құқықтық институт болып табылады. Оларды қолдану мәселелері Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі — ҚК) 72, 73, 86 және 87-баптарымен, Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі — ҚПК) 476, 477, 478 және 480-баптарымен және Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің (бұдан әрі — ҚАК) 161, 162 және 169-баптарымен белгіленген тәртіппен шешіледі.
Жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыру және жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату Институттары жазасын өтеушілердің түзелуіне орасан зор ықпалын тигізіп, олардың мінез-құлықын қалыптастыруда тиімді ынталандырудың бір тәсілі және бұл мәселе түрмеде жазасын өтеушілердің санын төмендетуге бағытталған қылмыстық заңнаманы ізгілендіруге бағытталған қадамдардың бірі десе де болады.
Қылмыстық заңнама жаза тағайындаудың негізгі мақсаттарын айқындайды: әлеуметтік әділдікті қалпына келтіру, сотталғанның түзелуі және жаңа қылмыстардың жасалуының алдын алу. Бұл тұрғыдан алғанда егер сотталған әлеуметтеніп, түзелу жалына түсуге ниеттенсе оған түзелуге мүмкіндік берілуі қажет. Сотталғанның түзелуі – өте күрделі психологиялық, әлеуметтік-құқықтық, моральдық категория. Әрбір оқиғаның өзіндік факторлары болады. Сондықтан әрбір іс бойынша істің мән-жайлары жан-жақты зерделеніп, назарға алынады.
Жалпы алғанда Заңнама жазаны өтеуден босатудың негіздері ретінде келесі мән-жайларды қарастырады, олар ҚАК-нің 161 бабына сәйкес: 1) сот үкiмi бойынша тағайындалған жаза мерзiмiн өтеп болу; 2) iс бойынша ақтау үкiмiн шығарумен немесе iс жүргiзудi тоқтатумен сот үкiмiнің күшiн жою; 3) жазаны өтеуден шартты түрде мерзiмiнен бұрын босату; 4) жазаның өтелмеген бөлiгiн жазаның неғұрлым жеңіл түрiмен ауыстыру; 5) рақымшылық жасау туралы акт; 6) кешiрiм жасау туралы акт; 7) қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекiткен тiзбеде көзделген, сотталған адамның ауруы.
Жазаның өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстыру мәселесіне келетін болсақ, қылмыстық заңнамамен онша ауыр емес, ауырлығы орташа немесе ауыр қылмыс үшiн бас бостандығынан айыруды өтеп жатқан адамға, ол қылмыспен келтірілген залалды толық өтеген не жазаны өтеудің белгіленген тәртібін қаскөйлікпен бұзбаған жағдайда, сот жазаның қалған өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстыруы мүмкін екендігі көзделген. Сотталған адам онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыс жасағаны үшiн – жаза мерзiмiнiң кемінде төрттен бірін, ауыр қылмысы үшiн жаза мерзiмiнiң үштен бірін іс жүзінде өтегеннен кейiн жазаның өтелмеген бөлiгi неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстырылуы мүмкiн.
Д.Сахи,
Байқоңыр қалалық сотының
Бас маманы 
29 шілде 2024 ж. 90 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№74 (10339)

17 қыркүйек 2024 ж.

№73 (10338)

14 қыркүйек 2024 ж.

№72 (10337)

10 қыркүйек 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 1 609

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30