» » Ымырасыз күрестегі жаңа серпін

Ымырасыз күрестегі жаңа серпін

Жемқорлық – мемлекеттің, қоғамның дамуына тежеу болатын, болашағына кесірін тигізетін індет. Оған осы бастан тоқтау қоймаса мемлекетте тұрақты өсіп-өркендеу болмайды. Сыбайлас жемқорлықпен түбегейлі күресу үшін халықтың құқықтық сауаттылығын көтерумен қатар, Заң талаптарының нақтылығы және қатаңдығы маңызды.
Осы орайда, Мемлекет Басшысы қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қорғауды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту мәселелері бойынша заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізді. Бұл заңның ерекшелігі сол жемқорлықпен күресте алдыңғы шепте жүретінқұқық қорғау органдарының қызметкерлері мен судьялардың жауаптылығы қарастырылған.
Жалпы құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен судьялар заңдылықтың, құқықтық тәртіптің кепілі болуға тиіс. Олар егер сыбайлас жемқорлық қылмыстармен ұсталған жағдайда неғұрлым қатаң жаза қолданылуы тиіс екендігі бесенеден белгілі. Себебі, аталмыш категориядағы қызмет иелеріне ерекше өкілеттіктер берілген және олардың қылмысқа баруы билікке сенімді шайқалтатыны анық.
Мемлекет басшысы қол қойған Қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі Заңға сәйкес, бірқатар сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасағаны үшін құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен судьяларға санкциялар мен құқықтық салдарлар айтарлықтай күшейтілді.
Мәселен, енді қарапайым пара берушілер үшін(50 АЕК дейін) айыппұлдың ең төменгі мөлшері 2 есеге, параның 10 еселенген мөлшерінен 20 еселенген мөлшеріне дейін ұлғайтылды.
Делдалдар үшін де айыппұлдың мөлшері 2 есеге ұлғайтылды.
Сонымен қатар, егер бұрын Қылмыстық кодекстің 367-бабының 2-бөлігінде көзделген "айтарлықтай мөлшерде пара беру" қылмысы үшін ең жоғары санкция 5жылға дейін бас бостандығынан айыруды құраса тиісінше, бұл әрекет орташа ауыр қылмыс деп танылды.
Ал қазіргі жаңа редакцияға сәйкес, жазаның жоғарғы шегі 7 жылға дейін ұлғайтылды, бұл автоматты түрде ауыр құқықтық салдары бар санатқа – яғни шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға тыйым салу және қауіпсіздігі төмен қоныс-колониясында жазаны бірден өтеудің мүмкін еместігі көзделген.
Парақорлыққа делдалдық жасағаны үшін бірнеше рет, не қылмыстық топпен немесе өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаған адамдарға да осындай, қауіпсіздігі төмен қоныс-колониясында жазаны бірден өтеудің мүмкін еместігі және шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға тыйым салу түріндегі қатаң шаралар қолданылатын болады.
Бизнесті қорғауды күшейту контексінде, кәсіпкерлердің жұмысына кедергі келтірмеу мақсатында Қылмыстық кодекске жауапкершілікті күшейтетін түзетулер енгізілді.
Енді құқық қорғау органдары қызметкерлерінің бизнеске араласқаны үшін 5 жылға дейінгі бас бостандығынан айыру жазасын қолдану қауіпі бар.
Құқық қорғау органдары басшылығының және судьялардың осындай әрекеттерді жасауы одан да қатаң жазаға – яғни, 8 жылға дейін бас бостандығынан айыруға әкеп соғатынды.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілерге, Парламент депутаттары мен судьяларға шетелдік банктерден шоттар ашуға және иеленуге тыйым салынды.
Мемлекеттік қызметшілерді лауазымға тағайындау кезінде оларға шетелдегі шоттарын жабуға 6 ай берілетін болады. Егер мемлекеттік қызметші шетелдік банктегі шотты жапқысы келмесе және мемлекеттік қызметтен кетуге ниет білдірсе, онда ол өз еркімен жұмыстан босату туралы өтініш беруге құқылы.
Ардақ ЕРСЕЙТОВ,
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы
02 ақпан 2021 ж. 454 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 055

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031