» » Қазақша түбіртек талап етіңіз

Қазақша түбіртек талап етіңіз

Еліміздің барлық сауда орындарында, банктерде, әуежайларда, қоғамдық орындарда, дәмханалар мен мейрамханаларда, дәріханаларда, кинотеатрларда және басқасының бәрінде бақылау касса машинасы арқылы берілетін түбіртек қазақ тілінде басылуы керек. Алайда бізде бұл заңдылық талапқа сай орындалмай келеді.
Халықаралық «Қазақ тілі қоғамы» аудандық филиалының төрайымы К.Раева, аудан бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы Г.Қожамұратова, облыстық тілдерді оқыту орталығының аудандағы мемлекеттік тіл оқытушысы Г.Дүзенова, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің тіл маманы Б.Қайырбаев пен аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің маманы А.Шанахаев кент орталығындағы бірнеше сауда нысанын аралап, тұтынушыға алған тауарының бағасы жазылған түбіртектің қазақ тілінде болуын қадағалап, түсіндірме жүргізді.
– Қазақ тілінде чекті қалай шығарып беруге болады? Бірінші, өзіңіздің онлайн-кассаңызды ашасыз. Екінші, электронды цифрлық қолтаңбаңыз арқылы авторизацияланасыз. Үшінші, онлайн-кассаның оң жақ жоғарғы бөлігінде интерфейстің тілін таңдау қажет. «Қаз» батырмасын басқаннан кейін интерфейс мемлекеттік тілге ауысады. Тиісінше, чектер де қазақ тілінде басып шығарыла бастайды, – деп түсіндірді кәсіпкерлерге мемлекеттік кірістер басқармасының маманы.
«ҚТ» ақпарат
21 шілде 2024 ж. 380 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№77 (10445)

11 қазан 2025 ж.

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

№75 (10443)

04 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 636
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 406

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031