» » Қазақстандағы көлік логистикасы

Қазақстандағы көлік логистикасы


   Логистика – клиент немесе корпорациялардың талабын қанағат- тандыру үшін бастапқы нүкте мен жеткізу нүктелелерінің арасындағы ресурстар ағымын басқаруды білдіреді. Логистикада басқарылатын ресурстарға материалдар, жабдықтар, сондай-ақ азық-түлік және басқа тұтынылатын заттар сияқты материалдық тауарлар кіруі мүмкін. Физикалық заттардың логистикасы әдетте ақпарат ағыны, материалдармен жұмыс істеу, өндіріс, орау, тауарлы-материалдық құндылықтар, тасымалдау, сақтау және қауіпсіздікті де біріктіреді.

(сурет ашық дереккөзден)

  Ғалымдардың айтуынша, «көлік-логистикалық инфрақұрылымы» дегеніміз күні бүгін пайда болған құбылыс емес екен. Көне заманда да ел мен елдің арасын қосатын керуен жолдары болған, олардың да өзіндік логистикасы болған. Алысқа бармай-ақ кейінгі орта ғасырларға дейін экономикалық қана емес, мәдениетаралық, дінаралық қатынастардың күретамыры атанған Ұлы Жібек жолының бойындағы құдықтарды, керуен сарайларын айтсақ жетіп жатыр. Әрине, ол заманды бүгінгі күнмен салыстыру артық болар. Бірақ қазіргідей жаһандану жағдайында өзара байланысқа деген қажеттілік күн санап артып, көлік логистикасы әлемдік экономиканың аса пайдалы сегментіне айналып отыр. Қазақстан – көлік-логистика саласында қарқынды дамып келе жатқан мемлекеттің бірі. Өйткені, біздің еліміз Еуразияның сауда айналымында ойып тұрып орын алуы үшін трансқұрлық дәлізін дамытудың айқын бағытын таңдаған тоғыз жолдың торабындағы ел. ТМД елдері арасында Қазақстан – 25 жыл ішінде 2500 шақырым жаңа теміржол желісін салған жалғыз мемлекет. Жаңа теміржол халықаралық көлік дәлізін Шығыс-Батыс, Солтүстік-Оңтүстік және Транскаспий бағдарында (ТРАСЕКА) оңтайландыруға зор мұрсат берді. Мәселен 2014 жылы салынған бір ғана Жезқазған – Бейнеу теміржол желісі Қытайдан Каспийге, әрмен қарай Түркияға, оңтүстік Еуропа мен Парсы шығанағы елдеріне бағытталған жүк пойыздарының жол үстіндегі қашықтығын 1000 шақырымға қысқартты.Бүгінде Қазақстанның көлік-логистика саласы үш бағытта дамып келеді. Бірінші бағыт Шығыс-Батыс дәлізі. Бұл – Қытайдан Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне, Қазақстан, Ресей арқылы Еуропа мен Скандинавия елдеріне шығатын бірден-бір көлік дәлізі болып отыр. Бұл бағдарда жүрдек тасымалды ұйымдастыру үшін инфрақұрылым жасақталған. Бағдарға қатысушы елдердің қолдау білдіруінің арқасында 2011 жылдан бері бұл бағдарды дамытуға қатысты ауқымды жұмыс жүргізіліп келеді. Соның нәтижесінде 2011 жылы Қытай мен Еуропа арасындағы контейнерлік тасымал көлемі 1100 ДФЭ-ні (20 футтық эквивалент – abctv.kz), яғни 15 контейнерлік пойызды құраса, өткен жылы 100 мың ДФЭ немесе 1100 контейнерлік пойыз шамасында болған.
  Қазір құрғақ уәде, көп сөзден гөрі нақты іс пен бәсекелестік заманы болғандықтан, Қазақстанда уақыт көшінен қалмау үшін осы бағдар бойынша логистикалық компаниялар үшін қажетті жағдайды жасауға бағытталған инфрақұрылым бастамаларын қолға алған болатын. Соның бірі де бірегейі ретінде еліміздің шығысында Қытаймен шекарада жұмыс істеп жатқан аймақтық ауқымдағы «Қорғас» халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығы мен еркін экономикалық аймағын айтар едік. Еркін экономикалық аймағы аумағында құрлықаралық тасымалдарда Суэцк каналының аналогы, сондай-ақ Еуразия жүк ағынының диструбиция орталығы – құрғақ порт салынды. Бұл порт 540 мың контейнерді қайта өңдеу қуатына ие. Еркін экономикалық аймағы аумағында өндіріс пен көлік-логистикалық бизнесті дамыту үшін қолайлы салық жағдайы жасалған. Қазақстанның сырты мен ішінде логистикалық орталықтар желісі Еуразия құрлығында жүк ағынын бөлісу және шоғырландырудың маңызды пункттерінде жасақталған. «2014 жылы Қытайдың Ляньюньган портында қазақстан-қытай логистикалық терминалы ашылған болатын, мұндай ынтымақтастық Қазақстанға Оңтүстік-Шығыс Азия мен Қытайдың шығыстағы нарықтарына логистикалық жағынан шығуға мүмкіндік береді. Еліміздегі «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» деп аталатын халықаралық автомобиль магистралы бұл да логистиканы дамыту бағытында жүзеге асырылған ірі жобаның бірі. Батыс Еуропа мен Батыс Қытайды жалғайтын халықаралық транзиттік автожол тек Қазақстанның ғана емес, әлемдік экономиканың ірі көзі саналады. Автобан – өткен ғасырларда (II ғ. бастап) Еуропа мен Азияның, Батыс пен Шығыстың арасында мәдени-экономикалық байланыстың күретамыры болған Ұлы Жібек жолының заманауи баламасы. Тоғыз жолдың торабында жатқан Қазақстанның географиялық орналасуын ескерсек, жаңа ғасырда оны қайта жаңғырту еліміз үшін өте тиімді екені сөзсіз.
   Екінші бағыт – Солтүстік – Оңтүстік көлік дәлізі. Бұл бағдар Қытай және Орталық Азия елдері, сондай-ақ Ресей мен Шығыс Еуропаның Қазақстан және Түркіменстан арқылы Иранға, Парсы шығанағы елдері мен Үндістанға шығу мүмкіндігін қарастырады. Осы ретте Қазақстан Түркіменстан және Иран мемлекеттерімен бірлесіп, Өзен – Берекет – Горган теміржол желілерін салу бағытында трансұлттық инфрақұрылым жобасын табысты жүзеге асырғанын айтар едік. Бұл жоба үш елдің көлік ағынына ғана емес, Азия – Еуропа бағытындағы тасымал географиясына да оң ықпал етіп отыр. Әсіресе Қазақстан – Түркіменстан – Иран теміржол желісінің қолданысқа берілуімен Ресей, Қытай және Азия-Тынық мұхиты аймағы елдерінен жүк ағынын Парсы шығанағы елдеріне тасымалдау әлеуеті жасақталып отыр. Сондықтан қазір «Қазақстан теміржолы» АҚ тарапынан Бендер-Аббас порты мен Тегеранда терминалдық логистикалық инфрақұрылымды дамыту жұмысы жүргізіліп жатыр. Теңіз порттарына шығудың тағы бір жобасы Еуропа бағытында жүзеге асырылып келеді.
  Үшіншісі – Транскаспий бағыты – ТРАСЕКА. Ол Қытай мен Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінен Түркия, Украина, Оңтүстік Еуропа бағыттарына жөнелтілетін жүк дәлізі. Осы жерде айрықша назардың Транскаспий бағдарының маңызды буыны және Қазақстанның «батыс қақпасы» – Каспийдің көлік-логистикалық инфрақұрылымын дамытуға бөлініп отырғанын айтар едік. Бұл бағдардың кемел келешегі бар. Оның бір ұшын өткен жылдың соңғы айларында Ченду/Ляньюнганнан Ыстанбұлға теміржол көлігімен контейнерлік тасымалдың ұйымдастырылуымен байланыстырар едік.
Жасұлан КӨБЕКОВ,
Академик С.Жиенқұлов атындағы Байқоңыр колледжінің арнайы пән оқытушысы
28 мамыр 2024 ж. 209 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031