» » Жүргіншінің жайын ұққан жан

Жүргіншінің жайын ұққан жан


Ел экономикасының өсуі, әлеуметтік саланың дамуы және сыртқы экономикалық қызметті тиімді жүзеге асыру көлік қызметкерлерінің еңбегіне байланысты екені даусыз. Елмен елді жалғап, алысты жақын етіп, берекелі бірлікке ұластырып отырған бұл саланың маңызы зор. Тамыз айының бірінші жексенбісі – көлік қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Көлік логистикасы экономиканың күре тамыры болғандықтан бұл саланы дамытуға әркез баса назар аударылып келеді. Сала қызметкерлерінің үйлесімді жұмысының арқасында көлік инфрақұрылымы белсенді түрде жаңғыртылып, жаңаруда. Тасымалдау көлемі артып, инновациялық технологиялар енгізілуде. Бүгінгі күні Сыр елінің көлік қатынасын өрге сүйреп, тату тірлігімен берекелі бірлігін арттыруға сүбелі үлес қосып жүрген сала қызметкері баршылық. Соның бірі – Бегілжан Елубаев.
Кейіпкеріміз Дүр Оңғар ауылының тумасы. Ауыл мен ауданның арасын жалғап, жолаушы тасымалдап қызмет істеп жүргеніне 24 жыл болған. Он бір жыл мектеп қабырғасында оқып, болашақ мамандығын сырттан емес ауылдан бастаған ол, сол кезден-ақ елге қызмет етуді жөн санапты. Сөйтіп алғашқы кәсібін бастап, екі елдің арасында жолаушы тасымалдайды.
– Ол кезде жұрт тапқанын мінеді ғой. 1997 жылы алғашқы тізгіндеген жеңіл көлігім ГАЗ-59 болатын. Бірінші такси болып бастадым. Ауылда қалаға қатынайтын автобус жоқ емес бар. Өзім осы салада қызмет істеуді жаныма жақын тұттым. Сөйтіп бір-екі жылдан кейін менде автобус сатып алдым. Бағытым тек аудан мен ауыл арасы. Қазір осы саладан әлі күнге қол үзбей келемін, – дейді көлік жүргізуші.
Бегілжан ағамыздың жұмысы азанғы сағат 7 жарымнан басталады. Әр жолаушыны үйінен барып алып кетемін дейді ол. Көлікке он сегіз адам сыйса, сол он сегіз үйді аралап, одан бөлек  тапсырыстарын да қалдырмайды. Жол ақысы да қалтаға қонымды. Ауыл тұрғындары болып бір ауыздан сол бағаға келіскен. Кейде жағдайы болмай тұрғандар болса тегін алып кететінін де жасырмады. Халықтың разылығымен алғысының арқасында көлігім аман-есен бұзылмай қызметіне жарап тұр дейді сөз арасында. Жолаушы тасымалдаған соң қызықты оқиғалар болып тұратыны сөзсіз. Ағамыз әңгіме барысында оны да сөз етті.
– Тізгінімде сары автобус. Ауылдан шыға берісте бағанаға сүйеніп тұрған ауыл келіншегін мінгізіп алдым. Ол кісінің аяғы ауыр болатын. Содан үлкен жолға түсе бергенімде «Бегілжан жылдамдығыңды қосасың ау, толғағым басталып жатыр» деді. Менің көлігім қайбір тартады дейсің, жылдамдығы алпыстан аспайды. «Бар жүргенім осы, шыда енді, көп болса автобуста босанарсың. Қасыңда апаларың бар, бір реті болар» деп әзілдеп қоямын. Ауданға жақындаған тұста толғағы жиілей бастады. Қойш әйтеуір сол шыдағанымен перзентхананың алдына бір-ақ тоқтадым. Әлгі келіншекті дәрігерлерге тапсырып, артынан заттарын жинастырып апарып берем дегенше шыр еткен баланың дауысы естілді. Сөйтсем жарықтықтың толғағы әбден пісіп келген екен ғой. Сол оқиға әлі күнге есімнен кетпейді, – дейді жаны мейірімге толы ағамыз.
Бегілжан Тайғараұлының бұл қызметіне ауыл жұрты дән риза. «Қай кезде де ағеден ақкөңіл, айтқан өтінішіңді екі етпейді. Жомарттылығы бір бөлек, қарапайым жан» дейді ауылдастары.    
Ерсін СӘДУҰЛЫ         
04 тамыз 2021 ж. 806 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031