» » Экологиялық акция қорытындыланды

Экологиялық акция қорытындыланды

Мемлекет басшысының тапсырмасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» республикалық акциясы шеңберіндегі «Мөлдір бұлақ» апталығы сенбіде қорытындыланды. Апталыққа мемлекеттік мекеме қызметкерлері, жеке ұйымдар, жастар және волонтерлер, сондайақ тұрғындар қатысты.
Ұйымдастырылған тазалық іс-шарасында аймақ бойынша су айдындары мен өзен-көл жағалаулары, аяқсу арықтары тазартылып, қала, аудан, ауылдарда көркейту-көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Акцияның негізгі мақсаты да сол. Табиғатты таза ұстап, тұрғындардың халахуалын, мәдениетін көтеру.
Ауданда өткізілген сенбілікте Сырдария өзенінің бойы мен су каналдары қоқыс қалдықтарынан тазартылып, техникамен шығарылды. Бұл жұмыстар ауданға қарасты барлық ауылдық округтерде де атқарылды. Кент ішіндегі көшелерге бөлінген мекеме қызметкерлері тазалық жүргізді. Сенбілік бойынша облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына аймақ жұртшылығын белсене қатысуға шақырған үндеуі жарияланған болатын. Бұл жұмыстар көктемнің алғашқы күні 1 наурыздан бастау алған-ды. Содан бері акцияның нәтижесі аймағымызға оң өзгеріс әкелуде.
Бүгінде ауданымызда көркейту-көгалдандыру, абаттандыру бойынша атқарылып жатқан жұмыс көп. Уақыт өткен сайын кентіміз көрік беріп, тұрғындарға жайлылық сыйлауда. Бір ауық күндіз немесе кешкілік серуенге шығып кентті араласаңыз, сөзсіз көзіңіз жетеді. Бұрынғыдай шаңы бұрқыраған қара жолдардың ауылы алыстап, тақтайдай тегіс жолдар мен төбеден жарық шашқан қаз-қатар түнгі шамдар діттеген жеріңізге дейін апарады. Басты көшелерге салынған жаяу жүргіншілер жолы жол қауіпсіздігін қамтамасыз етсе, орынтақтар сіздің аяқ сергітіп демалуыңызға ол да бір жайлылық сыйлауда. Жалпы ауданда аудан әкімінің бастамасымен бірқатар жұмыс қолға алынып, өз нәтижесін беруде. Соның негізгілері сенбіде бақыланды.
Аудан басшысы Жандос Еркінбек кент орталығындағы Т.Рысқұлов пен К.Тәуекелов көшелеріндегі абаттандыру жұмыстарын аралап көрді. Қазіргі таңда мұнда жаяу жүргінші жолы салынуда. Сондай-ақ жарық шамдар орнату, көгалдандыру секілді жұмыстар жүргізілетін болады. Одан бөлек, теміржолдың арғы бетіндегі «Шығыс» каналын абаттандыру бақыланды. Тексеру барысында тиісті сала басшыларына жұмыстың сапалы орындалуын қатаң қадағалауды міндеттесе, мердігерге жұмыстың мерзімінде аяқталуын тапсырды.
Туған жерді таза ұстау – кез келгеннің міндеті. Сондықтан тек акция аясында ғана ауданды таза ұстамай, алдағы уақытта да кенттің көркеюі мен гүлденуіне үлесімізді қосып, жанашырлықпен қарайық, ағайын!
Ерсін СӘДУҰЛЫ
24 мамыр 2024 ж. 315 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 393
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 185

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930