Құрылтай
» » «Мөлдір бұлақ»: Қармақшыда тазалық жұмыстары жүргізілді

«Мөлдір бұлақ»: Қармақшыда тазалық жұмыстары жүргізілді


Ауданда «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының «Мөлдір бұлақ» апталығы аясында тазалық жұмыстары жүргізілді.

Қоршаған ортаның экологиялық жағдайын жақсартып, бұлақ көздерін қорғай білу мақсатында қолға алынған акцияда Сырдария өзенінің бойы мен су каналдары қоқыс қалдықтарынан тазартылды.

Сонымен қатар, ауданның барлық аумағында санитарлық-тазалық, көркейту-көгалдандыру жұмыстары атқарылды.

Экоакцияға мекеме, кәсіпорын ұжымдары мен кент, ауыл тұрғындары және ерікті жастар белсенді атсалысып, өздеріне бөлінген аймақтардағы көшелер мен жол жиектерін, арықтар мен әлеуметтік нысандардың айналасын күл-қоқыстан тазартып, абаттандыру жұмыстарын жүргізді.

Барша аудан тұрғындарын айналамызды, өз аумағымызды таза ұстап, туған жерімізді көркейту-көгалдандыру жұмыстарына атсалысуға шақырамыз!

12 мамыр 2024 ж. 564 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№57 (10525)

01 тамыз 2026 ж.

№56 (10524)

28 шілде 2026 ж.

№55 (10523)

25 шілде 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 585
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 048

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31