» » Мемлекеттік бағдарламаның орындалуы партия назарында

Мемлекеттік бағдарламаның орындалуы партия назарында

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы жас мамандарға берілген жаңа мүмкіндік. Бағдарламаның басты мақсаты – ауылдық аймақтарды қажетті əлеуметтік, техникалық мамандармен қамтамасыз ету. Жас мамандарды ынталандыру мақсатында мемлекет тарапынан көтерме жәрдемақы төлеп, баспана алуына жеңілдетілген несие беріледі. 2024 жылы «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 55 маманға 20 306,0 мың теңге көтерме жәрдемақы (1 маманға 369,2 мың теңге) және 60 маманға 527 956,0 мың теңге тұрғын үй сатып алуға (46 маман кент тұрғындары үшін, яғни 1 маманға 9 230,0 мың теңге, 14 маман ауылдық елді мекен тұрғындары үшін, яғни 1 маманға 7384,0 мың теңге) жеңілдетілген несие алу үшін қаржы бөлінді.
ҚР Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 28 наурыздағы №93 бұйрығына сәйкес, «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамы 2023 жылдың 1 сәуірінен бастап «Дипломмен ауылға» бағдарламасын іске асыру жөніндегі сенім білдірілген өкіл (агент) болып тағайындалды.
Қазіргі таңда «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның жұмыс механизмінің нақтылануына (тапсырыс шарты, Baspana Market сайтына техникалық жұмыстар жүргізілуіне) байланысты аталған бағдарлама өз жұмысын ағымдағы жылдың маусым айында бастайды деп күтілуде.
Осы орайда партия филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының мүшелері аталған бағдарлама аясында тұрғын үй сатып алған бірқатар азаматтардың үйлерінің қазіргі жай-күйін бақылау мақсатында аралап көрді.
19 мамыр 2024 ж. 551 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (10460)

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (10459)

29 қараша 2025 ж.

№90 (10458)

25 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 000
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 676

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031