Ұлттық руханиятымыздың өзегі – ана тілі
Тәуелсіздік алғалы бері қоғамның қызу талқысының арқауына айналып келе жатқан мәселелердің бірі-тіл мәртебесі. Қазақ тілінің мәртебесін көтеру, оның қолдану аясын кеңейту мәселелері еліміздің тәуелсіздік алған күннен бастап көтеріліп келеді. Қазіргі уақытта Республикамызда мемлекттік тіл қолданысының дамуын табысты іске асырудың құқықтық негіздері қалыптасып, оның дамуы мен нығайуына бағытталған бір шама заңдар мен қаулылар қабылданғаны белгілі.
Заңға сүйенсек,мемлекеттік тіл-мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару,заң шығару,сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі.
Заң талабы бойынша, сот ісі сотқа құжат берілген тілде жүргізіледі. Әрбір азамат істі өзінің ана тілінде немесе өзі білетін басқа тілде жүргізіледі. Әрбір азамат істі өзінің ана тілінде немесе өзі білетін басқа тілде жүргізуді талап етуге құқылы және өздері білетін басқа тілде мәлімдеме жасау, түсініктер мен жауаптар беру, өтініш білдіру, шағым жасау, іс материалдарымен танысу, сотта сөз сөйлеу және кодексте белгіленген тәртіппен аудармашының қызметін тегін пайдалану құқығы түсіндіріледі. Сол сияқты онымен қамтамасыз етіледі.
Қазақ тілінің қажеттілігін қоғам мойындады. Мемлекеттік мәртебе беріліп, арнайы заң қабылданғанымен осы уақытқа дейін күрмеуі шешілмей келген қазақ тілін меңгеруге деген талпыныс та артқанын айта кеткен орынды.
Тіл-тек қарым-қатынас құралы ғана емес,ол-ұлттық діліміздің көрініс табатын әлеуметтік құбылысы,мәдениетіміздің биік тұғыры. Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру - Қазақстан Республикасының әр азаматының парызы мен міндеті.
«Тілі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады» деген халқымыздың ұлы ағартушысы Ахмет Байтұрсынұлы. Өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адамды толық мәнді интеллегент деуге болмас. Сол себепті еліміз дамып, мемлекетіміз өркендесін десек,әуелі ұлтты ұйымдастырудың құралы болып отырған қазақ тілінің мәртебесін көтеруде белсенділік танытуымыз керек. Егер адам өзге тілді білетін болса,ол рухани бай адам.Өйткені сол тіл арқылы басқа халықтың мәдениетін,дәстүрін үйренеді, басқа тілді үйрену арқылы танымы кеңейеді.
Сондықтан «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» деп ақын Қадыр Мырза-Әлі айтқандай, ең алдымен өз ана тілімізді құрметтеуге міндеттіміз.
Р.Бисенова
Қармақшы аудандық сотының
бас маманы