» » «Отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу»

«Отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу»

Адамға ең қымбаты – отбасы. Отбасында сүйіспеншілік, сыйластық, татулық, бауырмалдық болғанда ғана бірлік болады. Ата-ана отбасының ұйытқысы десек, бала отбасын берік ұстауға қажетті алтын діңгек. Әрбір бала өз ата-анасын қадірлеп, Отанына, туған жеріне сүйіспеншілікпен қараса, болашақта өз-өзін танумен қатар, өміріне нық сеніммен қадам басады.
Отбасын құрғанда адам өмірге ұрпақ әкеліп қана қоймай, сонымен бірге оған жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды, ата-бабасының салт-дәстүрін, жас ұрпақтың бойына сіңіртеді. Балаларын өздерін қоршаған ортаға және қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру – ата-ананың ең маңызды міндеті.
Қазіргі әлемде ең өзекті мәселелердің біріне айналып отырған – бұл жасөспірімдердің, балалардың зорлық-зомбылыққа ұшырауы. Барлық балалар үйінде, мектепте және басқа да қоғамдық мекемелерде күнделікті қатыгездікпен және зорлық-зомбылықпен ұшырасып отырады. Баланың болашақта қандай болуы оның мектепте, отбасындаы қоршаған ортада алған тәрбиесіне байланысты. Балалар да, ересектер сияқты сыйлау, қол тигізбеу және адамзаттық абыройын сақтау құқықтарына ие.
Жосалы кенті орталығында Ә.Егізбаев атындағы №121 қазақ мектебінде «Отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу» атты тақырыпта іс-шара өткізілді. Іс-шараға мектептің 10 сынып оқушылары, АПб-нің ЖПҚб-нің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы полиция капитаны А.Касимова, «Жастар денсаулық орталығының» психологі Ә.Кетебаева, Қармақшы аудандық прокуратурасының аға прокуроры С.Абдулғазиз қатысып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Өскелен ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық – бұд біздің жалпыұлттық міндетіміз!

Қармақшы аудандық Полиця бөлімінің
Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің
Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобы

02 сәуір 2024 ж. 357 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 281

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 376

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930