» » «Отбасы құндылығы»

«Отбасы құндылығы»

qarmaqshy-tany.kz Адамға ең қымбаты – отбасы. Отбасында сүйіспеншілік, сыйластық, татулық, бауырмалдық болғанда ғана бірлік болады. Ата-ана отбасының ұйытқысы десек, бала отбасын берік ұстауға қажетті алтын діңгек. Әрбір бала өз ата-анасын қадірлеп, Отанына, туған жеріне сүйіспеншілікпен қараса, болашақта өз-өзін танумен қатар, өміріне нық сеніммен қадам басады.
Ал, отбасының басты қазығы, алтын діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі жан-жақты болып өсуіне берекелі, өнегелі, ынтымақты отбасының ықпалы мол. Отбасын құрғанда адам өмірге ұрпақ әкеліп қана қоймай, сонымен бірге оған жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды, ата-бабасының салт-дәстүрін, жас ұрапқтың бойына сіңіртеді. Балаларын өздерін қоршаған ортаға және қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру – ата-ананың ең маңызды міндеті.
Қазіргі әлемде ең өзекті мәселелердің біріне айналып отырған – бұл жасөспірімдердің, балалардың зорлық-зомбылыққа ұшырауы. Барлық балалар үйінде, мектепте және басқа да қоғамдық мекемелерде күнделікті қатыгездікпен және зорлық-зомбылықпен ұшырасып отырады. Баланың болашақта қандай болуы оның мектепте, отбасындаы қоршаған ортада алған тәрбиесіне байланысты. Балалар да, ересектер сияқты сыйлау, қол тигізбеу және адамзаттық абыройын сақтау құқықтарына ие.
2022 жылдың 25 қараша – 10 желтоқсан аралығында аудан көлемінде «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясын өткізілуіне орай 2022 жылдың қараша айының 29-ші жұлдызында Жосалы кенті орталығында Ә.Егізбаев атындағы №121 қазақ мектебінде «Отбасы құндылығы» атты тақырыпта іс-шара өткізілді. Іс-шараға мектептің 5 сынып оқушылары, АПб-нің ЖПҚб-нің Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы полиция капитаны А.Касимова, Қармақшы «Жастар денсаулық орталығының» психологі Ә.Кетебаева және мектептің педагог-психологі А.Сайлауова қатысты.
Өтіп жатқан акция бойынша мектеп оқушылары арасында «Менің отбасым» атты тақырыбында сурет байқауы өткізіліп, белсенді қатысқан балаларға сыйлықтар табыс етілді.
Өскелен ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық – бұд біздің жалпыұлттық міндетіміз!
Қармақшы АПб-мі ЖПҚб-нің ӘЗЗҚт-ы
29 қараша 2022 ж. 773 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 406
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 204

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930