» » Кезекті мәжіліс өтті

Кезекті мәжіліс өтті


Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары Самат Смағұловтың төрағалығымен мәжіліс өткізілді. Мәжілісте бірқатар мәселе қаралды. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жұмыстарының барысы туралы және аудан бойынша қызылша ауруының алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы хабарламашылардың баяндамалары тындалды.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне сақтандырылмаған азаматтарды тарту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіліп, ақпараттық жұмыстарды кеңінен насихаттау жөнінде тапсырмалар берілді.

Әскерге шақыру және әскери есепке қоюға байланысты аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы баяндама жасап, атқарылған жұмыстарға тоқталды.

Сонымен қатар, аудан әкімінің орынбасары әлеуметтік желілермен белсенді жұмыс жасау қажет екендігі туралы айтты. Әлеуметтік желілерде көтерілген мәселелерді дер кезінде шешу бағытында тиісті шаралар қабылдауды тапсырды.

Аудан әкімінің орынбасары мәжілістің күн тәртібінде көтерілген мәселелер бойынша сала басшыларына бірқатар тапсырмалар жүктеп, жиынды қорытындылады.

29 наурыз 2024 ж. 434 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 069

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930