» » Кенеден сақтанайық!!!

Кенеден сақтанайық!!!

Күн жылынған мезгілде далаға демалысқа баратын отбасылар мен жастар саны артатындығы белгілі. Осы мезгілде қыс бойы ашыққан кенелер күн жылына қорек іздеп, зияны тек жануарларға ғана емес, адамға да зор қауіп төндіреді. Негізінен кенелердің қауіп төндіру кезеңдері жыл мезгілінің- көктем айларынан бастап, жаздың соңғы айларына дейін ұласады.
Кенелер - буынаяқты қансорғыш жәндіктер, адамдар үшін Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы, туляремия және тағы басқа қауіпті жұқпалы аурулар тобының таратушылары болып табылады.
Жұқпалы аурулардың қоздырғыштары кенелердің ағзасында ұзақ мерзімге дейін сақталады.Кеміргіштер, құстар, кірпілер, қояндар, үй жануарларының ішінде иттер, мысықтар және ауылшаруашылық жануарлары кенелердің асыраушылары болып табылады.
Сонымен қатар қарапайым кенеден жұғатын Конго-Қырым Геморрагиялық Қызба­сы малшылардың қырқым кезінде кенемен жанасу кезінде, оның қаны жалаң қолға, көзге, ауызға тигенде жұқтыру қауіпі жоғарылайды. Ауруды жұқ­тырған адамның бойында жылдам қан арқылы тарайтын вирус аса қауіпті. Ең алдымен басы ауырып, дене қызуы 40 градустан да асып, қалтырап, беті мен шырышты қабыршықтары қызарады. Әл-дәрмені құрып, бұлшық еті ауырады. Буындарында қақсау, жүрегі айну секілді белгілер пайда болып, құсады. Науқастың жағдайы 2-4 күннің ішінде нашарлап, мұрнынан, тістің қызыл иегінен, кене шаққан жерден қан кетеді. Іші өтіп, бауыры мазалайды. Адам өміріне қауіпті індеттің көбісі өліммен аяқталады.
Сондықтан адам өзін кене шаққанын байқаса, дереу медици­налық көмекке жүгіну керек. Әсі­ресе наурыз айларында шаққан кененің белсенділігі жоғары бол­ған­дықтан міндетті түрде медици­на­лық көмектің араласуымен дене қызуын бақылаған жөн. Себе­бі 14 күн­нің ішінде аурудың алғаш­қы бел­гілері пайда болса, науқас ау­ру­ханаға жатқызылып, адамды оқшау­лап, тиісті ем-дом жүргізі­ле­ді.
Кене адам терісіне байқатпай және ауыртпай жабысады.Сондықтан кенені уақтылы алу ауру қоздырғыштарын жұқтырудың алдын алады. КҚГҚ ауруынан сақтану үшін кенелерден қорғану жолдарын есте сақтауымыз қажет. Ең алдымен адам  далаға шыққанда мынадай сақтық шараларын ұстануы қажет:
Кенеден сақтану шаралары:
• киген киімі ашық түсті, ұзын жеңді, жағасы мен етегі денеге тиіп тұруы қажет. Шалбары міндетті түрде етік ішіне салынған, басына міндетті түрде бас киім немесе орамал тағып, ұзын шаштарын бас киім ішіне жасырғаны жөн;
• кенелер мен шіркейлерге қарсы аэрозольдар мен жақпа майлар пайдалану; кенелер ашық ағаштар мен қалың шөптер арасында жасырынатындықтан, өзіңізді ол жерлерден аулақ ұстауға тырысыңыз;
• табиғатта, жол торабындағы ағаштар мен шөптерді жұлмаңыз, себебі кенелерді өз үстіңізге сілкіп аласыз; серуеннен қайтып келген соң, денеңізді мұқият қарап шығыңыз (шаш арасын, қолтық және шап аймағын), шашыңызды тарақпен тараңыз;
• денені қарау кезінде киімдеріңізді қарап шығуды ұмытпаңыз. Кене адам терісіне отырған соң жарты сағаттай шағатын орын іздейді, сондықтан мұқият болсаңыз кене шағудың алдын алуға болады;
• шөп жинау кезінде кенелердің шөп арасында қыстайтынын есте сақтаңыз; ешкі және сиыр сүтін міндетті түрде қайнату керек, себебі сүт қоздырғышпен залалдануы мүмкін.
Кене шаққанда алғашқы көмек:
- Кішкентай қысқышпен теріден абайлап алу керек;
- Қысқыш болмаса, қолғап, целлофан, қағаз қолданыңыз;
- Кенені шығарған соң, қол жууды ұмытпаңыз;
- Кенені терінің астынан өздігінен шығара алмасаңыз, дәрігердің көмегіне жүгінуге тура келеді;
- Теріңіздің кене шаққан жерін 70%-дық спиртпен, 5%-дық йодпен немесе иіс сумен жуыңыз.
Есте сақтайтын қағидалар: ешқашан терідегі кенені сықпаңыз, өйткені кене ішінде вирустар мен патогенді организмдер бар. Тіпті қолдың ашық жаралары немесе сәл тыртықтар арқылы жұқтыруға болады; кенені жұлмаңыз, өйткені жұлу кезінде кене басы теріде қалып кетеді де, улы сөлі адам ағзасына тарала береді; кенені тіспен жұлуға болмайды, қоздырғышты жұқтыру қаупі жоғары.
Кенені алып тастағаннан кейін 3 апта бойына өз денсаулығыңызға ұқыппен қарауыңыз керек, егер ауру белгілері біліне қалған жағдайда мысалға дене қызуының көтерілуі, бас ауруы және әлсіздік байқалған жағдайда дәрігерге қаралуыңыз қажет.
Осы қауіпсіздік ережелерін орындай отырып, кенелер арқылы таралатын аса қауіпті инфекцияларды жұқтырудан сақтануыңызға болатынын ұмытпағаныңыз абзал.
                                                                                                                                             Лариса Тынымбаева
ҚР ДСМ СЭБК «ҰСО» ШЖҚ РМК Қызылорда облысы бойынша филиалы
                                                     Қармақшы аудандық бөлімшесінің бактериологиялық және паразитологиялық зерттеулер зертханасының санэпид.қызмет маманы
28 наурыз 2024 ж. 261 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 281

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 376

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930