» » «Тәртіпке бас иген адам құл болмайды»

«Тәртіпке бас иген адам құл болмайды»


Қылмыстың алдын алудың бірден-бір жолы – оқушылардың мектептен тыс уақытта қосымша біліммен қамтылуын дұрыс ұйымдастыру. Жалпы, құқық тәртібін бұзуға бейім балалар қайдан шығады? Жасыратыны жоқ, қоғамдық тәртіпті бұзған, қылмыс жасаған, сөйтіп ішкі істер бөлімдерінде есепте тұрған балалардың басым бөлігі жайсыз отбасылардан шығады. Ал енді бір тобы кейбір ата-аналардың бала тағдырына алаңдамауынан, оларды өз беттерінше қалдырып, мектептен тыс уақыттарында немен айналысып жүргендерін қадағаламауынан пайда болады.
Осыған байланысты, Жосалы кентінде орналасқан Ү.Томанов атындағы №183 мектебінің жоғары сынып оқушыларымен сала мамандарының қатысуымен іс-шара өткізілді. Осы тақырыпта сала мамандары жасөспірімдердің құқықтық тәрбиесі жөнінде, кәмелет жасқа толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, жолын кесу және оны болдырмау мақсатында үнемі ауданымыздың барлық мектептерінде осындай іс-шаралары өткізіліп жатқанын айта кетті.
Іс-шара барысында бөлімнің ӘЗЗҚт-ның инспекторы полиция капитаны А.Касимова ауданымызда өтіп жатқан «Отбасында зорлық-зомбылық жоқ» атты жедел профилактикалық іс-шара бойынша біршама мағлұмат берді. Кездесу соңында оқушылар алған әсерлерімен бөлісіп, кері байланысқа шықты.

Қармақшы ауданының полиция бөлімі
Жергілікті полиция қызметі бөлімшесі
Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобы

28 наурыз 2024 ж. 403 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

№64 (10432)

26 тамыз 2025 ж.

№63 (10431)

23 тамыз 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 299
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Жосалы жаңару жолында
26 тамыз 2025 ж. 1 749

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930