» » Қоғамды өсірмейтін дерт

Қоғамды өсірмейтін дерт


Еліміз тәуелсіздік алғалы едәуір жетістіктер мен табыстарға жетті. Мемлекетіміз саяси-экономикалық дамуы жағынан он жетістіктері мен көзге түсті. Бұл Қазақстан халқынын бірлігінің ынтымағының, халықтар достығының көрінісі. Алайда, болашақ дамуымызға едәуір кедергі келтіретін теріс құбылыс - сыбайлас жемқорлық екені баршамызға белгілі. Сыбайлас жемқорлық - қоғамға жат, елдің өркендеуіне кедергі келтіретін қауіпті әлеуметтік құбылыс. Осыған байланысты мемлекетіміз бұл құбылысқа қарсы бағытталған ұйымдастырушылық шараларды қолға алды. Мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі бағыттарын одан әрі айқындау мақсатында "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-VҚазақстан Республикасының Заңы қабылданды.
1 қыркүйек 2023 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАҒДАРЫ" тақырыбындағы жолдауында «Жұмыстар уақтылы және сапалы жасалмай жемқорлық белең алып тұрған салада кемшіліктер әбден тамыр жаяды. Міндетін адал атқармаған барлық компания заң бойынша жауапқа тартылады. Бұл мәселеге мен баса назар аударамын. Бақылауды күшейтіп, жаңа нормативтік құжаттар қабылдау керек» - деп жемқорлық қарсы іс-қимыл басты назарда екенін айтты.
Осы саясатты ұстанып «Қызылорда облыстық мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Қармақшы аудандық архиві» филиалы»  Заң талаптарына сай жыл басында іс-шаралар жоспары бекітіліп жоспарға сай аудандық архив мекемесі мемлекеттік қызмет көрсететін саланың бір тармағы ретінде сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері бойынша жұмыс істейтін органдарымен бірлесіп құқықтық оқулар өткізіп өзара іс-қимыл әрекеттері жандандырып тұрады. Мекемемізде сыбайлас жемқорлықттың алдын алу мақсатында семинарлар, кездесулер, құқықтық оқулар, БАҚ-та материалдар жариялау арқылы түсіндірме жұмыстары дәстүрлі түрде жүргізіледі.
Мекеме ғимараттың бірінші қабатында жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне қабылдау үшін жәшік орналасқан және сенім телефоны жұмыс істейді.
Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықты болдырмау және архивтік анықтаманы электронды түрде берудің мерзімін қысқарту бағытында архив құжаттарын цифрлық форматқа өткізу 2013 жылдан бері қарқынды жүргізіліп жатыр. 2023 жылдың қортындысымен25 қордан 9983 құжат 1 206 280 парақ цифрлық форматқа көшірілді.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі тапсырмасымен «Құжаттардың бірыңғай электрондық архиві» (Е-Архив) ақпараттық жүйесі жасалып, мекемедегі сандық форматтағы құжаттарды жаңа жүйеге енгізу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда бұл ақпараттық жүйе аудан әкімінің аппараты, аудандық мәслихат, аудандық білім бөлімі, Жосалы, Төретам кенті әкімі аппараттары, Қармақшы ауданы әкіміне қарасты бөлімдер және барлық ауылдық округ әкімдіктеріақпараттық жүйеге қосылған. Аталған мекемелер алдағы уақытта осы ақпараттық жүйе арқылы архив мекемесіне құжаттарын электрондық түрде өткізетін болады.
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деп халық даналығы айтқандай біз мемлекеттік саясатты жақтап, оның орындалуына басты себепкерміз. Сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізу - мемлекеттік органдардың, мемлекеттік қызметкерлердің тұтастай қоғамның басты міндеті мен борышы. Осы кеселге қатаң бағытталған мемлекеттік бағдарлама жоғары деңгейдегі жауаптылықпен іске асырылуы тиіс. Мемлекет пен қоғамның арасындағы байланыс қана сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруға мүмкіндік береді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес әрбір азаматтың ұстанымына, ол адалдық мінез-құлық нормасына айналуы тиіс.
Нұржан Аяғанов, 
«Қармақшы аудандық архиві»
филиалының архивисті
04 наурыз 2024 ж. 285 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 062

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031