» » Жаңа жобалар жұмысын бастайды

Жаңа жобалар жұмысын бастайды

Жақында Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы аудандық филиалының алқа мәжілісі болып өтті. Онда аудандық филиал төрағасы Гүлжауһар Раева өткен жылғы атқарылған жұмыстарына қорытынды жасап, алдағы міндеттерге тоқталды.
Өткен жылы аудандық мәдениет және спорт бөлімімен бірлескен «Көрнекі ақпарат» жобасы аясында кәсіпкерлік нысандардың көрнекі ақпа- ратында «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету бағытында кәсіпкерлер және жарнама агенттіктерімен тығыз байланыс орнатып, түсіндіру жұмыстары, рейд ұйымдастырылды. «Бастауыш ұйымдарда тілге байланысты бірлескен шаралар, қоғам белсенділерімен басқосу, кәсіби мерекелерде қабылдау өткізіліп, тіл жанашырлары марапатталды. «Тілдер күні» мерекесіне арналған түрлі іс-шара өткізілді. Аудандық мәдениет және спорт бөлімімен бірлескен «Қазақ тілі – ұлт болашағы» тақырыбында дөңгелек үстел, «Латын әліпбиі – уақыт тудырған қажеттілік» атты бірлескен іс-шара, қазақ келінінің отбасындағы рөлін және ұрпақ тәрбиесіндегі ана тілге деген құрметін көрсету мақсатында бастауыш ұйымдар арасында «Келіні жақсы үйдің керегесі алтын» атты келіндер сайысы, «Ұлттың қуаты – тілінде», «Мемлекет тілімен мәртебелі» тақырыбында тіл жанашырларымен кездесу өткізілді.
Биылғы жылға да қоғам алдына жаңа міндеттер қойылғаны туралы жеткізген филиал төрағасы Гүлжауһар Төлегенқызы алдағы жаңа жоспарларымен де бөлісті.
– «Ұлттық сезім» жобасы басталды. Ұлтымыздың салт-дәстүрі мен тілін ұлықтау мақсатында әр жұма күні айналасындағылармен тек қазақ тілінде сөйлесіп, ұлттық киім кию дәстүрі қызу қолға алынды. Сондай-ақ ататекті ұлттық дәстүрге сай ауыстыруға байланысты насихат жұмыстары жалғасып келеді. «Көрнекілік ақпарат» жобасы мемлекеттік тілдегі ас мәзірі мен тағам түрлерінің атаулары бойынша түсіндіру жұмыстарын одан әрі жүргізу, сонымен бірге бастауыш ұйымдар арасында «Белсенді бастауыш ұйым» аудандық байқауын өткізу жоспарлануда, – деді ол.
Басқосу соңында алқа мүшелері аудандық филиалдың атқарылған жұмыстарының есебін тыңдап, алдағы жылға арналған жұмыс жоспары төңірегінде өз пікірлерін білдірді.
Гүлнар БИСЕНҚҰЛОВА,
«Қазақ тілі» қоғамы қызметкері
04 ақпан 2024 ж. 242 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 288

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 383

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930