» » Тіл жанашырлары рейд жүргізді

Тіл жанашырлары рейд жүргізді


qarmaqshy-tany.kz  Жақында тіл жанашырлары құрамында аудандық мәслихат депутаттары Буханов Дастан, Бекбаев Мырзаш және «Қазақ тілі» қоғамы Қармақшы аудандық филиалы төрағасы Гүлжауһар Раева, Қармақшы аудандық Мәдениет және спорт бөлімі өкілдерінен тұратын арнайы топ көрнекті ақпарат өнімдерінің «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы»ҚР Заңы талабына сәйкестігіне кезекті рейд жасап, мониторинг жүргізді. Мониторинг Қармақшы ауданындағы орталық көшелерде орналасқан шағын және орта бизнес субьектілері қамтылды. Шараның негізгі мақсаты тұрғындарға мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, тіл заңнамасы талаптарының сақталуы, сапалы қызмет көрсету, және көрнекті ақпарат мәтіндерде қателерді болдырмау болып табылды. Мониторинг барысында орын алған бұзушылықтарды жою бойынша ұсыным-хаттар табысталып, көрнекті ақпарат пен жарнама өнімдерін тіл заңнамасы талабына сәйкес рәсімдеу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кейбір сауда орнының маңдайшадағы жазуы өшіп,түсіп қалған. Бұл бойынша меншік иелеріне хабарланды.

Батыр Б.Момышұлының «Тіл тазалығы үшін күрес-ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес» деген сөзі қашанда әр қазақтың жадында тұруы тиіс. Тіл тазалығын, заңдылығын сақтау бойынша алдағы уақытта да жүргізіледі. Басталған іс өз нәтижесін берсін. Тілге құрмет жасау баршамыздың міндетіміз екенін ұмытпайық!

19 шілде 2023 ж. 475 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№88 (10456)

18 қараша 2025 ж.

№87 (10455)

15 қараша 2025 ж.

№86 (10454)

11 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 892
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 595

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930