» » Ұстаз есімі ұлықталды

Ұстаз есімі ұлықталды

Қазақта «Жақсының аты өлмейді» деген сөз бар. Сондай жақсылардың бірі – Ыбрақым Кішкенеев. Ол саналы ғұмырын шәкірт тәрбиелеуге арнаған ұстаз. №113 Қаракөл орта мектебінде мұғалім, мектеп директорының орынбасары қызметін атқарған.

Ауданымыздағы «Ғасыр мұғалімі» атағын алған жанды артында қалған ұрпақтары еш уақытта ұмытқан емес. Уақыт өткен сайын оның есімі ұлықталып келеді. Соның бірі – жыл сайын ұйымдастырылатын тоғызқұмалақтан өтетін Ы.Кішкенеев атындағы турнир биыл да жалғасын тапты. Алтыншы рет ұйымдастырылған турнирді мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Ж.Нұрмағанбетов өткізді. Сайыс қорытындысы бойынша Д.Темірбекұлы – І орын, Ә.Самалқызы – ІІ орын, А.Тайжанова мен Б.Әмірбеков жүлделі ІІІ орынды өзара бөлісті. Жеңімпаз оқушыларды Ыбрақым Міңкірұлының кенже баласы Ә.Кішкенеев ұстаз ұрпақтары атынан арнайы алғыс хат пен бағалы сыйлықтар табыстады.

"Қт" ақпарат

03 ақпан 2024 ж. 634 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№42 (10510)

06 маусым 2026 ж.

№41 (10509)

02 маусым 2026 ж.

№40 (10508)

30 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 255
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 796

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930