» » Қылмыстық құқық бұзушылық профилактикасы және кәмелетке толмағандар мәселелері бойынша ведомствоаралық мәжіліс өткізілді

Қылмыстық құқық бұзушылық профилактикасы және кәмелетке толмағандар мәселелері бойынша ведомствоаралық мәжіліс өткізілді


Бүгін аудан әкімі Ж.Еркінбектің төрағалығымен болған қылмыстық құқық бұзушылық профилактикасы және кәмелетке толмағандар мәселелері бойынша ведомствоаралық мәжіліс аудан прокуратурасымен бірлесіп өткізілді. Мәжіліске аудан прокуроры М.Маханбетжанов, аудандық полиция бөлімі бастығының міндетін уақытша атқарушы Е.Жандарбеков, бөлім және мекеме басшылары, мектеп директорлары қатысты.

Жиын барысында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық мәселелері туралы аудан прокурорының орынбасары А.Мұратов пен құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында атқарылған жұмыстар туралы аудандық полиция бөлімі бастығының міндетін уақытша атқарушы Е.Жандарбеков баяндама жасады.

Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатындағы тәрбие жұмыстары бірінші - отбасыдан, екінші білім ордаларынан басталады. Жасөспірімдердің, оның ішінде мектеп оқушыларының арасындағы құқық бұзушылықтарды болдырмау үшін жүйелі әрі үздіксіз жұмыстар атқарылуы тиіс. Оқушылардың түнгі уақыттарда қараусыз жүру, өзара қақтығыстары мен түсініспеушілік жағдайлары білім алуына кері әсер етеді. Осы орайда, оқушылармен жекелеген жұмыстарды күшейтіп, түсіндірме жүргізу, тәрбие сағаттары, ата-аналар жиналысы мен түнгі рейд шараларын сапалы өткізген абзал. Сондай-ақ, педагогтарға педагогикалық әдеп ережелерін білуі және толық сақталуы тиіс екендігі айтылды.

Жиынға қатысқандар жасөспірімдер арасында орын алған келеңсіз жағдайларды талқылап, алдын алу және болдырмау шаралары бойынша ұсыныстарын жеткізді. Аудан әкімі жиында айтылған ұсыныстар мен пікірлерді тыңдай келе, тиісті сала басшыларына тапсырмалар беріп жиынды қорытындылады.

Ⓒ Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

26 қаңтар 2024 ж. 170 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№37 (10302)

11 мамыр 2024 ж.

№36 (10301)

07 мамыр 2024 ж.

№35 (10300)

04 мамыр 2024 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру!

Хабарландыру!

29 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031