» » Вакцина алмаған балаларға Ұлттық қор ақша бермейтіні рас па?

Вакцина алмаған балаларға Ұлттық қор ақша бермейтіні рас па?

Kyzylorda-news.kz. «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасының төлемдері қалай болмақ? Smart News басылымының хабарлауынша, Қаржы министрлігі вакцина алмаған балаларға Ұлттық қор ақша бөлінбейді деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді. 
"Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде вакцинацияланбаған балаларға «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша төлемдер тоқтатылатыны туралы ақпарат тарады. Бұл фейк. Бұл ақпараттың дереккөзі «Qaznews24 сатиралық жаңалықтар ақпарат агенттігі» Instagram аккаунты болып табылады. Онда тек шындыққа жанаспайтын ойдан шығарылған жаңалықтар ғана жарияланады. Бұл туралы аккаунттың профилінде жазылған", - делінген ведомство хабарламасында..
Ақпаратта келтірілген ҚР Қаржы министрлігінің Қоғаммен байланыс департаменті директорының дәйексөзін де осы «жаңалықтың» авторы ойдан шығарған, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі. Демек, вакцинацияланбаған балаларға Ұлттық қордан төлемдер жасалмайтыны туралы таралған хабарламаға сенбеген жөн. Бұл өтірік.
«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша жыл сайынғы төлемдер Қазақстан азаматтарының барлық балаларына есептелетін болады. Бұл төлемдерге вакцинация мәртебесінің ешқандай қатысы жоқ. Есепті жылы барлық балаларға бірдей мөлшерде қаржы аударылады. Ол үшін ата-аналар немесе баланың заңды өкілдері жеке басын куәландыратын құжатты, оның ішінде ЖСН (егер қандай да бір себептермен болмаса) алуы керек. Сондай-ақ, «электрондық үкімет» веб-порталындағы жеке кабинетте «Балалар туралы мәліметтер» бөлімінде мәліметтердің бар-жоғын тексеру керек.
07 қаңтар 2024 ж. 585 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№31 (10399)

29 сәуір 2025 ж.

№30 (10398)

26 сәуір 2025 ж.

№29 (10397)

22 сәуір 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 657
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930