» » Мемлекет басшысының сұхбаты еркін алаңда талқыланды

Мемлекет басшысының сұхбаты еркін алаңда талқыланды


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Егемен Қазақстан" газетіне сұхбат берді. Ашық түрде айтылған сұхбатта елдің әлеуметтік-экономикалық мәселесі қаузалды. Бұл журналистпен диалогтың арқасында Ел Президенті халқымен әрдайым бірге екенін аңғаруға болады. Дегенмен, Президент есті сөз айтқанымен, оны жүзеге асыруға барша қазақстандықтың рөлі зор. Сол себепті Өңірлік коммуникациялар қызметі бірнеше сала мамандарының басын бір арнаға қосты. "TED Q" еркін алаңында спикерлер сұхбатты талдады.

Жалпы, әлемдік TED X форматындағы жобаға Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Бақытжан Ахметбек, «Бітім» медиация орталығы» қоғамдық бірлестігінің директоры Жанна Мирамбекқызы және белгілі саясаттанушы Сәулет Сахиев қатысты. Бақытжан Мұқарамұлы сұхбаттағы ұлттық құндылықтың маңыздылығын айтты. Оның айтуынша, Ел Президенті халық өз мәдениетін, құндылығын, болашағы мен өткенін жадысында мәңгі сақтауы керек. Сәулет Сахиев те еліміздің саясатына қатысты сөз сабақтады. Мемлекет басшысының сұхбатындағы "Мемлекеттік қызметшілер өзіне жүктелген міндетті мінсіз атқаратын кәсіби маман ғана болмауы керек. Олар әрдайым бастамашыл, нақты ісімен елге пайда әкелетін және өзгерістердің өміршеңдігін халыққа көрсете алатын азамат болуы қажет. Сондай-ақ олар білімді-білікті ғана емес, сөзі мен ісі үйлесетін, тиянақты, тәртіпті және арлы адам болуы шарт" дегенді алға тартып, мемлекет адам үшін жұмыс істеу керектігіне қосылатынын жеткізді. Ал, Жанна Мирамбекқызы әйел адамдардың құқығын қорғау туралы Президенттің айтқанына қуанышын білдірді. Себебі елімізде ажырасудың басты мәселесі - отбасындағы зорлық-зомбылықтың көбеюінен. Алдағы уақытта еліміздің басты назарында бұл мәселе кеңінен қаралатын болады.

@Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

06 қаңтар 2024 ж. 220 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№39 (10304)

18 мамыр 2024 ж.

№38 (10303)

14 мамыр 2024 ж.

№37 (10302)

11 мамыр 2024 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру!

Хабарландыру!

29 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031