» » Көз ауруына «көз жұмып» қарамайық!

Көз ауруына «көз жұмып» қарамайық!

Көз ауруларының саны жылдан жылға көбейіп барады. 2050 жылға қарай әлем жұртының жартысы алыстан көру қабілетін жоғалтады, ал бір млрд-қа жуық адам соқыр болып қалуы мүмкін. Бұл – мамандардың болжамы. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының статистикасына сүйенсек, көз ауруларының 80 пайызының алдын алуға және емдеп жазуға болады.


Иә, әсіресе балаларда көзге түсетін күштің көбеюінен соңғы он жылдықта көз ау¬рулары жиілеп кетті. Олардың арасында ең көп тараған көз ауруы – миопия, яғни алыстан көрмеу. Жаңа технологиялардың өмірге келуі осы аурудың көбеюіне әсер етіп отыр. Себебі, көз қашықтыққа «жұмыс істемейді». Телефонға көп қарағаннан көз жанары қашықтықты көруге «жалқаулана» бастай¬ды. Осылайша көздің көру осі қысқарады.

Ертеректе көзілдірік киетін кісілердің қатары аз болатын. Қазір кез келген ортада көзілдірік киетін кісі табылады. Тіпті емханаға барғанда ұзын сонар кезек те осы – көз дәрігерінде. Бұл көз ауруының жасарып бара жатқандығының белгісі болар.

Кейінгі жылдары балалар арасында көз ауруы көбейді. Оның ішінде туабітті аурулардан бөлек, жүре пайда болған сырқат түрлері жиі кездеседі. Мектепте, асыра айтқанда, екі баланың бірі көзілдірік киюге мәжбүр. Себебі мен алдын алу жайын білу үшін аудандық емхананың балалар офтальмологі Зағипа Көпбергеновамен тілдесіп қайттық.

– Көз – өте сезімтал мүше. Сыртқы фактордың барлығы оған өзінің әсерін тигізеді. Қазір балалардың көпшілігі ұялы телефон, планшет, гаджет, компьютер пайдаланады. Мәселен, миопия деген көз ауруы бар. Ол – көздің шыны тәрізді мөлдір қабығының бұзылуы, түбінің зақымдануы, жақыннан көргіштігінің бұзылуы.  Ауру асқынған кезде күрделі астигматизмге ұласады.  Ал компьютерден, телефоннан шыққан ультракүлгін сәулелер көздің нұрлы қабығы арқылы оның түбіне жетеді. Егер аталған заттарға ұзақ уақыт және жақыннан қарайтын болсақ, көз түбі нервісіне күш түседі, ол өз күшінен екі есе артық  жұмыс жасауға мәжбүр болады. Осылайша көз ауруы басталады. Балалар организмі жас болғандықтан ауру бірден байқалмайды. Біртіндеп, сатылап миопияның күрделі түріне ауысады. Сондықтан балаларды компьютер, телефон пайдаланудың тәртібіне үйрету керек. Алыстан қарауға үйретіп, ұзақ отыруын шектеген жөн. Егер бала бір сағат компьютердің алдында отырса, бір сағат демалуы керек. Сондықтан балалардың алыстан, жақыннан көруі бұзылса, дереу көз дәрігеріне қаратқан дұрыс. Дәрумендер ішіп, көз жаттығуларын жасаса, сырқатты  ерте сатысында емдеуге болады, – дейді офтальмолог дәрігер.

Қазіргі өмірді сымсыз смартфонсыз елестету мүмкін еместей. Қай жерде жүрсеңіз де, үлкеннің де, баланың қолында смартфон жүргенін жиі байқаймыз. Бірде үй маңындағы балалардың бір жерде қаумалап отырғанын көрген көрші апа «Әй, бұл жерде неге үйіліп отырсыңдар?» деген ғой. Сөйтсе әлгі жерде уайфай жақсы тартады депті. Сонда балаларға даладағы ойын емес, телефондағы дүние қызық болып тұр емес пе?!

– Жақында қабылдауыма 10 айлық бала келді. Көздің қарашығы құрғап кеткен. Әдепкіде бала жылай бастаған. Бұл былайша айтқанда, алғашқы дабыл белігісі ғой. Көзі жасаурап, жылап мазасызданғандықтан ата-анасы алып келді. Сонда әлгі балаға телефон беріп қояды екен. Қазіргі жас аналар бала қарауға ерінеді ме екен, әлде қолбайлау болмасын дей ме ерте бастан жылаған балаға телефон бере қояды. Бұл дұрыс емес. Егер кішкентай балаңыздың көз жанарының сау болғанын қаласаңыз, өзіңіз де баланың көзінше телефонды көп ұстамауыңыз тиіс.  Ал жасөспірімдерге белгілі бір уақытқа рұқсат етуге болады, – дейді дәрігер З.Көпбергенова.

Түйін
Көзі нашар көрсе де бейғамдықпен дәрігерге бармай жүрген адамдар қаншама?! Сондықтан бар-жоғы 8 грамм ғана салмақ тартатын көз жанарыңызға ерекше күтім мен көңіл бөлу керек-ақ. Көз ауруына «көз жұмып» қарамайық!

Ақнұр САҒЫНТАЙ
26 желтоқсан 2023 ж. 415 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 018

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031