» » Көз ауруына «көз жұмып» қарамайық

Көз ауруына «көз жұмып» қарамайық

qarmaqshy-tany.kz Әлемде көз ауруы ушығып тұр. Әрбір үшінші адам көру мүмкіндігінен айырлуға шақ тұр. Бұрын көз ауруы деген бірен-саран болмаса, кездесе бермейтін. Тіпті, көзілдірік тағатындар сирек соншалық оларға тоқырқай қарайтынбыз.
Елімізде де көзілдірік киетіндер қатары көбейіп келе жатқанға ұқсайды. Шамамен, Қазақстандықтардың көбінісің көзінде ақау бар. Ғалымдар әлі де болса көз ауруына себеп-салдары анықтай алмай отыр. Бірі-қазіргі замандағы сымсыз құрылғылардың әсері десе, енді бірі, елдегі экологиялық жағдайдың салдарынан көреді.
Көзілдірік тағу бір кездері қиямет секілді көрінгенмен, бүгінде екінің бірі көзілдірікке тәуелді бола бастады. Алаңдатыны, тіпті, жастарды айтпағанда мектеп табалдырығын кеше ғана аттаған бүлдіршіндердің көзілдірік тағып, асыр салып ойнап жүргенін жиі көреміз. Бұрынғыдай, көзілдірік таққандарды мазақтап, келеке етіп жатқан да ешкім жоқ. Бұл жайға да көзіміз әбден үйренген сыңайлы. Әрине, техниканың мысы басып тұрған заманда көзге көңіл бөлмей, дертке қалай кез болғаныңды білмей қаласың. Ата-ана өзінің құлағы тыныштығын ойлап, баланың көк жәшік алдында телміріп отыруына, компьютерде ойын ойнауына, ұялы телефон мен планшеттерде сағаттап отыруына жол береді. Күні-түні телефонға, теледидарға шұқшиып отыратын баланың көзі тек жақыннан көруге ғана қалыптасады. Себебі жақыннан көріп үйреніп қалған көз алыстағыны көруге «ерінетін» көрінеді. Бұл ауруды ғылыми тілде-миопия деп атайды. Атаулы дерт қазірдің өзінде балалар арасында дендеп келе жатқан көрінеді. Ата-аналардың қателігі де сол баланың көз ауруларын мектеп жасына жеткен соң ғана анықтауға болады деп ойлайды екен. Сол үшінде балаларды ай сайынғы тексерістен уақытында өтіп, денсаулыққа бей-жай қарамауға мамандар кеңес береді.
Осы мәселеге тұздық ретінде ауданымыздағы мамандардың пікірін білуді жөн көрдік. –
-Ауданымызда туа бітті көзі көрми қалған балалар жоқ. Мұндай жағдаймен Төретам кентіндеде тіркелген балалар бар. Бұл экологияның әсері шығар деп ойлаймын. Негізінен ондай балалар мерзімінен бұрын дүниеге келіп жатады. Әкесі немесе анасы көзілдірік тағатын болса, міндетті түрде бұл бала да көзілдірік киеді деген сөз. Себебі қай ауру да тұқым қуалайтын ауру түрі. Кейде жүре пайда болып та жатады, кейбірі жанарларынан абайсызда айырылып қалады. Мысалы, тас тиген, отшашу, жебе тағы басқа. Егер осындай жағдайлар болып, ертерек қамданса мүлдем көрмей қалудың алдын алуға болады. Себебі мұндай көз дерті жазылады, ал туа бітті көрмей қалған балалардың жазылуы сирек кездеседі. Бір жағынан, дамыған заманда компьютерсіз, телефонсыз жүре алмаймыз. Күндіз-түні соған байлаулымыз. Кейбір оқушылар көзілдірік кигісі жоқ, кейде ата-аналардың қалтасы көтермей дерті одан сайын асқындырып алып жатады. Көзге кішкене демалыс жариялап тұру керек. Күніне 15 минуттан артық экран алдында отырмағанымыз жөн және көзімізге арнайы гимнастикалар жасап тұру керек - дейді аудандық емхананың балалар офтальмологі Зағипа Көпбергенова.
-Біздің мектепте көзілдірік тағатын оқушылар бар. Бірақ саусақпен санарлық қана. Тұқым қуалайтын болғаннан кейін, әкесінен не анасынан берілген болуы керек. Кейбір оқушылар көзілдірік тағуға қысылып, ұялып, басқа оқушылардан оқшауланып өзімен-өзі жүреді. Ондай жағдайды болдырмас үшін, мектепте әрбір сыныпқа алдын ала түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. «Екі көзің-шырағың» деп тегін айтылмаса керек, сондықтан көзімізді барынша сақтағанымыз абзал - дейді №183 орта мектептің психологі.
-«Бала-болашағымыз. «Баламыз көштен қалмасын, қатарынан кем болмасын» деген желеумен қолына арзаны бар, қымбаты бар, әлімізге қарай ұялы телефон ұстатып қойдық. Мектептен «Ұялы телефон ұстауға болмайды» деген ескертпеге, «баламыздың қайда жүргенін, не істеп жүргенін біліп отыруымыз керек» деген сылтау дайын тұр. Бала ұялы телефоннан не көріп жүр, кіммен не туралы сөйлесіп жүр, оған аса мән бермейміз. Балаларымыз өз денсаулығын көз алдымызда құртып жатқанын білсек те, түк етпейміз. Қазіргі кезде тайға таңба басқандай көрініп тұрғаны – оқушылар арасында көздің көруінің нашарлап бара жатқандығы. Көзілдірік киіп жүрген баланың саны жыл сайын артып келеді. Бұл қолдан жасалған кемшіліктеріміз десе де болады.
Жанардан айрылу-күллі дүниенің қызығынан айрылу. Сондықтан көзге күтім жасаңыз. Балалардың жанарын сақтаңыз.
29 қараша 2022 ж. 312 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 023

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031