Конституция
» » » Seetroen көлік көзілдірігі

Seetroen көлік көзілдірігі

Seetroen көлік көзілдірігі
Көлікпен ұзақ сапарға шыққан кей жолаушылар асқазандағы жайсыздықтарды сезініп, жүрегі айнып, басы айналып жатады. Мұның барлығы ішкі мүшелер жүйесі мен сезім мүшелерінің арасындағы дисбаланс әсерінен туады. Бұл мәселеге қанық болған Citroen француз көлік компаниясының инженерлері Seetroen атты көлік ішінде киюге арналған көзілдірік жасап шығарды. 
Көзілдірік әйнексіз төрт жиектемеден тұрады. Самайдағы екеуі артқа және алға, алдыңғы екеуі оң мен сол бағыттарға арналған. Дөңгелек жиектемелер ішіне жартылай көк сұйықтық толтырылған. Сол арқылы жолаушының сезім мүшелері көкжиектік периферияны бір қалыпта ұстайды. Сөйтіп көк сұйықтықтың визуалды қалпы ішкі мүшелер жүйесіне оң әсерін беріп, әсіресе, бас айналудың алдын алады.
Бас айналу мен жүрек айнудың алғашқы белгілері пайда бола бастағанда көзілдірікті 10-15 минут тағып отыру керек екен. Әсері бірден байқалады. Технология барлық сынақтан өтіп бітті. Тәжірибеден өткізген адамдардың 95%-ы құрылғының жарамдылығы мен тиімділігін растаған.
10 шілде 2018 ж. 1 241 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№50 (10518)

04 шілде 2026 ж.

№49 (10517)

30 маусым 2026 ж.

№48 (10516)

27 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 424
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ОРДАЛЫ ЖЫРДЫҢ ОРАҒЫ

ОРДАЛЫ ЖЫРДЫҢ ОРАҒЫ

21 маусым 2026 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 935

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031