» Көз ауруына "Көз жұмып" қарамайық

Көз ауруына "Көз жұмып" қарамайық

Тігін тігіп отырған ана немересі Ернұрға ине сабақтап беруін сұрады. Әженің тілегін қабыл алған елгезек бала әлгі иненің көзінен жіп өткізе алмай, шұқшиып көп отырды. Қысылғанынан қызарып, маңдайынан тер шықты.
– Көзім көрмейді, әже. Тесігі тым кішкентай екен, – деді болмаған соң.
– Әй, жүгірмек-ай, күні-бойы телефон құрғырға үңіле берсең ине мен жіп былай тұрсын мені де көрмей қаласың. Бала кезімізде ине сабақтап беруге таласатынбыз. Құдай-ау, шырақтай болмас пе еді бұлардың көздері, – деп күбірледі.
Бесіктен беліміз шықпай иненің жасуын көрмесек қартайғанда қайтпекпіз. Ойландыратыны осы. Мұның барлығын технологияның қарыштап дамығанынан көреміз. Бұрын көз ауруы деген бірен-саран болмаса, кездесе бермейтін. Тіпті көзілдірік киетіндерге «бұрылып қарайтын» едік. Сыныпта көзәйнек киетін 1-2 бала болса «төрткөз» деп келеке етіп, оқшаулайтын. Құлаққа түрпідей тиетін жағымсыз сөзді кім естігісі келеді? Сол үшін ата-ананың нықтап ескерткен «теледидарға жақын отырма», «алакөлеңкеде сабақ оқыма», «кітапты жатып оқыма» сынды тыйымдарын барынша сақтадық. Ата-әжелердің көру қабілеті мен жады неге мықты болды. Олар алысқа көз тігіп, малының жайын білген, киіз үйде шалқасынан жатып аспаннан жұлдыз санаған. Қолы қалт етсе кітап оқыған. Алысқа көз тастау, алыстағыны көру көздің жұмыс істеу қабілетін жақсартады.
Жаһандану мен түрлі техникалардың күн өткен сайын дами түсуі – қолмен істелетін жұмыстың бәрін автоматтандыруға көшкенімен, денсаулыққа кері әсерін тигізетінін мойындаймыз. Бұдан адамдардың көзілдірікке тәуелділігі арта түспесе, кеми қоюы екіталай. Азаннан кешке дейін компьютерге қадалу, сағаттап теледидар алдында отыру, одан қалды телефонға үңілу айтарлықтай зиян. Бірақ оған еріксіз тәуелдіміз. Еңбектеген баладан еңкейген қарияның ұялы телефонсыз күні жоқ. Қазір кішкентайыңыз жыласа кәмпит беріп жұбатасыз ба? Жо-оқ. Оған да телефон ұстатсаң болды. Мазаңды алмайды.
– Жыл сайын Қазақстанда зағип адам ретінде мүгедектік алатын адамдар саны екі мыңға көбейіп отырады. Қазір елімізде қос жанарынан айырылған немесе бір көзі көрмейтіндердің саны 60 мыңға жуық. Бұл – тек ересектер арасындағы статистика. Ал мектепке жаңа барғанда балалардың 5-6 процентінде ғана көз ауруы анықталса, 11 жыл оқып шыққанша, олардың үлесі 45 процентке жетеді. Жалпы, елімізде көзі соқыр мүгедек балалардың саны 2000-ға жуықтайды. Көзі нашар көрсе де бейғамдықпен дәрігерге бармай жүргендер көп. Сондықтан бар-жоғы 8 грамм ғана салмақ тартатын көз жанарыңызға ерекше күтім мен көңіл бөлмесеңіз, осы статистикадан табылуыңыз мүмкін, – деп ескерту береді дәрігерлер.
Шынайылықтың, мөлдірліктің айна-қатесіз көрсеткіші – адамның қос жанары. Дүниеде ең қымбат, ең асыл, ең аяулы затты аманат етіп қалдырғанда «көзіңнің қарашығындай сақта» деп жатады. Мұнан қос шырақтың бағасын, оның қадір-қасиетін бағамдау қиын емес. Ендеше табиғат берген өлшеусіз сый – көз жанарымызды қорғап, қарашығымызды сақтайық.
Гүлжанат ӘМІРҚЫЗЫ
---
20 тамыз 2019 ж. 1 194 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 031

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031