» » Өркен жайған өрелі істер

Өркен жайған өрелі істер

qarmaqshy-tany.kz Сыр елінде серпінді істер көп. Өңірімізде түрлі құрылыс жұмыстары қарқын алып, мемлекеттік бағдарлама аясында әлеуметтік нысандар бой көтеріп келеді. Сан саладағы істер мен алдағы жоспарлар жайлы облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Астана қаласындағы брифингте баяндады. Сондай-ақ аймақ басшысы облыстың әлеуметтік-экономикалық даму барысын таныстырып, журналистер тарапынан қойылған бірқатар сұраққа жауап берді.

Аймағымызда өңдеу өнеркәсібі жүйелі жолға қойылған. Мәселен, өткен жылы іске қосылған шыны зауыты тұрақты өнім шығарып, оның 70 пайызын ішкі нарыққа, 30 пайызын Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстанға экспорттауда. Кәсіпорын іске қосылғалы бері жобалық қуаттылықтың 85 пайызын игеріп, 167 мың тонна өнім шығарды.
– Шыны зауытының айналасында шағын және орта кәсіпкерлік белдеуін құруға мүмкіндік мол. Зауыт жанынан құны 130 млрд теңгеден асатын түрлі шыны бұйымдарын шығаратын 8 ілеспе кәсіпорын құрылады, – деді аймақ басшысы.

Атап айтқанда, жылына 5 млн шаршы метр энергия үнемдейтін шыны өндірісі іске қосылып, шыны бөтелкелер және алғашқы айна зауытының құрылысы басталмақ. Бұл 3 жобаның жалпы құны 32,3 млрд теңге. Сондай-ақ, Шиелі ауданында 1 млрд теңгенің әк және құрғақ құрылыс қоспаларын шығару цехы іске қосылады. Мұнан бөлек, аймақта алдағы жылы 27,1 млрд теңгенің 10 жобасы жүзеге асып, 630 жұмыс орны құрылады.
Ел Президентінің 10 мың адамға 100 жаңа жұмыс орнын құру тапсырмасы 11 айда толық орындалды. Бұл туралы облыс әкімі брифингте нақтылап өтті.
– Халықты жұмыспен қамту, жаңа жұмыс орындарын ашу – басты міндетіміз. Жыл басынан бері экономиканың барлық саласында 44695 адам жұмыспен қамтылды. Мемлекет басшысының 10 мың адамға 100 жаңа жұмыс орнын құру тапсырмасы шеңберінде биыл облыста жоспар бойынша 10651 жұмыс орнын құру көзделсе, қазір 11654 адам жұмыспен қамтылды, яғни Президент тапсырмасы 11 айда толық орындалды, – деді Нұрлыбек Машбекұлы.

Айта кетейік, жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,5 пайыз, жалпы жұмыссыздық 4,8 пайыз. Өткен жылмен салыстырғанда жұмыссыздық көрсеткіші едәуір төмендеген.
Ауыл шаруашылығы – өңір экономикасының негізгі саласы. Бұл салаға тартылған инвестиция көлемі өткен жылмен салыстырғанда 9,4 млрд теңгені құрап, 36,6 пайызға артқан. Егін науқанының қорытындысымен әр гектардан 56,5 центнерден өнім алынып, қамбаға 503 мың тонна күріш жиналды. Облыстың ауыл шаруашылығы саласының экспорттық әлеуеті артып, өткізу нарығы кеңеюде. Соңғы екі жылда 84 млн АҚШ долларының өнімдері экспортталды.
Қызылорда облысында Президенттің «Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасына» сәйкес жан-жақты жұмыс жүргізілуде. «Ауыл – ел бесігі» жобасы бойынша биыл 47 ауылда 216 жобаны жүзеге асыруға 12,4 млрд теңге бөлініп, 157 жоба іске қосылды. Мұнан бөлек, «Дипломмен ауылға» бағдарламасының 2,5 млрд теңге қаржысына жас мамандарға әлеуметтік қолдау көрсетілуде.
Аталған бағыттағы басты жаңалық – ауылдық елді мекендерді дамыту үшін облыста алғаш рет биыл «Үлгілі елді мекен» конкурсы өткізілді. Конкурсқа облыстық бюджеттен 1 млрд теңге бөлінді. Айта кетейік, бұл конкурстың нәтижесі бойынша Дүр Оңғар ауылы ІІ орынды иеленіп, үздіктер қатарынан көрініп, жаңа техникаға қол жеткізді.
Биыл өңірдің денсаулық сақтау саласына 138,6 млрд теңгеден астам қаржы бағытталды. Өңірде жаңа медициналық нысандар көптеп салынуда. Мәселен, Қызылорда қаласында 36,4 млрд теңгеге бір ауысымда 100 келушіге арналған емханасы және онкологиялық бөлімшесі бар 300 орындық көпбейінді аурухана құрылысы басталды. Медицина ұйымдарын сапалы қанмен қамтамасыз ету мақсатында 2,9 млрд теңгеге Қан орталығының құрылысы жүргізілуде.
«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында елді мекендерде 27 нысан салынады. Оның 15-і жыл аяғына дейін тапсырылады. Сонымен қатар, жыл соңына дейін көпбейінді облыстық аурухана жанынан 70 төсектік перинаталдық орталық халық игілігіне беріледі.
Өңірде мәдениет пен спорт саласында да ауқымды жобалар жүзеге асуда. Аймақ басшысының айтуынша, өңірде көптеген жаңа нысанның құрылысы жүргізілуде. Сонымен қатар, келесі жылы 7 ауданда музей, кітапхана, архив, неке қию залы, ардагерлер және аналар, жастар орталықтары, азаматтық қоғам өкілдері мен тарихимәдени, рухани ұйымдарды біріктіретін типтік үлгідегі «Руханият» орталықтары салынады.
Биыл Қызылорда қаласындағы 1,7 млрд теңгеге салынған «Анаға тағзым» орталығы пайдалануға берілді. Демеушілер есебінен қаланың орталық алаңын қайта жаңғырту жұмыстары басталды, оған 1 млрд теңге қаражат бөлінді. Одан бөлек, облыс орталығындағы 30- дан астам ескі көпқабатты тұрғын үйдің қасбеттері заманауи панельдермен қапталып, 20 көпқабатты тұрғын үйдің аулалары абаттандырылды.
Аудандарда да көптеген игі істер қолға алынып, жаңа нысандар пайдалануға берілді. Оның ішінде ауданымызға қарасты Жаңажол ауылындағы орталық алаң «Жаңажол» ЖШС демеушілігімен абаттандырылып, халық игілігіне табысталды. Айта кетейік, Қызылорда облысы инвестиция тарту бойынша үздік өңірлер қатарында.
«Қт» ақпарат
11 желтоқсан 2023 ж. 278 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (10344)

05 қазан 2024 ж.

№78 (10343)

01 қазан 2024 ж.

№77 (10342)

28 қыркүйек 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 2 182

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031