» » Өңір бағыты — өңдеу өнеркәсібі

Өңір бағыты — өңдеу өнеркәсібі

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Астана қаласындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингке қатысты. Аймақ басшысы облыстың әлеуметтік-экономикалық даму барысын таныстырып, журналистер тарапынан қойылған бірқатар сұраққа жауап берді.
Биыл облыста мемлекеттік бағдарламалар аясында ондаған әлеуметтік нысан салынбақ. Бұл туралы облыс әкімі брифингте нақтылап өтті.

– «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 2023-2024 жылдары облыста 27 денсаулық сақтау нысаны бой көтереді. Қызылорда қаласында бір ауысымда 100 келушіге арналған емханасы және онкологиялық бөлімшесі бар 300 орындық көпбейінді аурухананың құрылысы басталды, – деді аймақ басшысы.

Мұнан бөлек, облыс орталығында 200 төсектік перинаталдық орталық салынады. Қазіргі таңда жоба-сметалық құжаттары әзірленуде. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында алдағы 3 жылда облыста 15 100 орынға арналған, құны 100 млрд теңгеден асатын 21 мектеп бой көтермек.

Айта кеткен жөн, өңірде өзге де әлеуметтік нысандар салынуда. Атап айтқанда, «Неке сарайы» тамыз айында пайдалануға берілсе, 1000 орындық «Өнер орталығы» желтоқсанда, ал, сол жағалаудағы «Қан орталығы» келер жылы іске қосылмақ.

Сонымен қатар, Сыр өңірінде шағын және орта бизнесті дамытуға ерекше көңіл бөлініп келеді. Мәселен, 2023 жылы кәсіпкерлікті қаржылай қолдауға әртүрлі көздерден 23 млрд теңге қаралып, жыл басынан бері 1700 жобаға қаражат берілген. Облыс әкімінің айтуынша, мемлекеттік қолдау шараларының нәтижесінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 33%-ға ұлғайып, 76 мыңға, жұмыс істеп тұрғандарының саны 39,2%-ға ұлғайып, 72,1 мыңға жетті.

Өткен жылы облыста елішілік құндылықты және экспортқа бағдарланған өндірістерді дамыту бағдарламасы қабылданды. Бағдарлама кәсіпорындарды жаңарту және жаңа өндірістерді іске қосу үшін мемлекет тарапынан қолдау шараларын тиімді пайдалануға бағытталған.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен биылдан бастап ауыл тұрғындарының табысын арттыру үшін «Ауыл аманаты» жобасы жүзеге асырылып, 2,5%-бен жеңілдетілген несие берілуде. Бұған қоса, жастардың кәсіпкерлік бастамаларына да 2,5%-бен несие, қайтарымсыз гранттар беру жалғасуда. Бұл мемлекеттік қолдау шаралары өңдеу өнеркәсібін дамытуға бағытталады.

Аймақтағы басты жаңалықтарының бірі – өткен жылдың қазанынан бастап өңдеуші өнеркәсіпке серпін беретін шыны зауытының іске қосылуы. Зауыт өнімі отандық нарықта да, шетелде де жоғары сұранысқа ие. Бұл жөнінде «Өткен жылдың өзінде зауыт 32 мың тоннадан астам, жалпы құны 4,5 млрд теңгенің өнімін шығарып, ішкі нарықты шынымен қамтамасыз етуді бастады. Ал, биылғы 4 айда 3,5 млн текше метр шыны өндірілді. Бүгінде зауыт өнімі республика өңірлеріне сатылып, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Ресей мемлекеттеріне экспортталуда. Қазір шыны зауытының жанынан құны 3 ілеспе кәсіпорын құру жоспарлануда. Бұл жобалар жаңа кәсіп түрін ғана емес, жаңа жұмыс көзін ашуға, халықтың табысын арттыруға мүмкіндік береді» деді аймақ басшысы.

Өңірде жоғарыда аталғандардан өзге де ауқымды индустриялық жобалар көп. Бір айта кетерлігі, жарқын өзгерістерге бастар қадамдар қолға алынды.
10 маусым 2023 ж. 236 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

Сұхбат

ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ
19 қараша 2024 ж. 83

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 228

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930