Балық аулау кезінде білуіңіз керек қағида
qarmaqshy-tany.kz Жылдың қай мезгілінде болсын төтеншеліктер адам өмірінің қауіпсіздігі үшін табаннан тік тұрып, қызметке дайын тұрады. Қауіптің алдын алу мақсатында рейдтік шаралар ұйымдастырып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізеді. Соның бірі – күзгі балық аулау кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау. Осыған орай аудандық төтенше жағдайлар бөлімі БАҚ өкілдерімен брифинг өткізді.
Балық аулау демалыстың керемет түрі болғанымен, қауіпсіздік ережелерін сақтамасаңыз ол өте қауіпті. Тұрғындар балық аулау кезінде қарапайым қауіпсіздік кезінде ережелерін естен шығармағаны абзал. Өйткені, оқыстан болған әрбір әрекет қайғылы оқиғаға соқтыруы мүмкін. Брифинг барысында аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы, азаматтық қорғау подполковнигі Өмірбек Сақтабаев балық аулау кезінде азаматтардың қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп берді.
– Сақ жүру адам үшін қай кезде де басты қағида болуы тиіс. Балық аулау кезінде қауіпсіздік шараларын сақтамаса, бұл өлім жағдайына дейін алып келуі мүмкін. Түн мезгілінде балық аулауға немесе аңшылыққа шығуға тыйым тыйым салынады. Мұз астынан балық аулағанда екі шұңқырдан артық тесуге, от жағуға болмайды. Өңіріміздегі климаттық жағдайға байланысты мұз әрқашан берік бола бермейді. Сонымен қатар қайықтың да дұрыс жабдықталғанын, оның жарамдылығына көз жеткізген дұрыс, – дейді бөлім бастығы.
Балық аулау және аң аулау алдында, қайыққа отырмас бұрын оның ескегі мен бекіткіштерін, сонымен қатар құтқару шеңбері, суды сарқып алу үшін ожаудың болуын қадағалап қарап алу қажет. Қайыққа отыруды аса сақтықпен жүргізу керек. Шағын көлемді кемелердің немесе қайықтың бортына отыруға, бір орыннан екінші орынға ауысуға, бір қайықтан екіншісіне отыруға, қайықты шайқауға, одан суға секіруге немесе сүңгуге қатаң түрде тыйым салынады. Сонымен қатар, қайықтағы адамдар жеке құтқару құралдарын (құтқару жилеттері, кеудешелері) киіп отыруы қажет.
Шағын көлемді кеме немесе қайықпен балық аулау және аң аулау кезінде төтеншеліктер сақталуы тиіс қарапайым қауіпсіздік ережелерін ескертеді. Бірінші – өзімен бірге міндетті түрде медициналық қобдиша, қолшам, жергілікті жердің картасы, өзінің орналасқан орны туралы хабарлағыш құралдарының болуы тиіс. Екінші – балық немесе аң аулау орнын мұқият тексеріп қарап алу. Үшінші – мас күйінде немесе есірткіге масайған күйде балық немесе аң аулауға қатаң тыйым салынады. Төртінші – қайықтың жарамдығын тексеру, оны құтқару жилеті, құтқару шеңбері мен белдіктермен жабдықтау. Бесінші – қайықта шелектің немесе ондағы суды сыртқа шығару үшін ыңғайлы басқа да ыдыстардың болуы. Алтыншы – балық немесе аң аулауға керекті құрал-жабдықтарды кеме бортының бойына, ал қалған бұйымдарды (киім, қолсөмке, чемодан) қайықтың отырғышының астына, тұмсығына немесе артқы бөлігіне жинақы орналастыру қажет. Егер қандайда бір төтенше жағдайға тап болсаңыз міндетті түрде «101», «112» немесе 2-12-85 түрде нөміріне хабарласуды ұмытпаңыз.
Ерсін ӘЛІБАЙ