» » Балық аулау кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Балық аулау кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

qarmaqshy-tany.kz Балық аулау демалыстың керемет түрі, алайда қауіпсіздік ережелерін сақтамасаңыз ол өте қауіпті. Шағын көлемді кемелер немесе қайықтармен балық, аң аулау алдында қайыққа отырмас бұрын оның ескектері және олардың бекіткіштерінің, сонымен қатар құтқару шеңбері мен суды сарқып алу үшін ожаудың болуын қадағалап, қарап алу қажет.

Қайыққа отыруда аса сақтық керек. Бірінші ортасынан басып, отырғышқа бірқалыпты жайғасқан жөн. Шағын көлемді кеменің немесе қайықтың бортына отыруға, бір орыннан екінші орынға ауысуға, бір қайықтан екіншісіне отыруға, қайықты шайқауға, одан суға секіруге немесе сүңгуге қатаң түрде тыйым салынады. Сонымен қатар, қайықтағы адамдар жеке құтқару құралдарын (құтқару жилеттері, кеудешелері) киіп отыруы қажет.
Шағын көлемді кеме немесе қайықпен балық және аң аулау кезінде мына қарапайым қауіпсіздік ережелерін қаперде сақтаңыз:
1.Өзімен бірге міндетті түрде медициналық қобдиша, қолшам, жергілікті жердің картасы, өзінің орналасқан орны туралы хабарлағыш құралдарының болуы тиіс;
2.Балық немесе аң аулау орнын мұқият тексеріп қарап алу;
3.Мас күйінде немесе есірткіге масайған күйде балық, аң аулауға қатаң тыйым салынады;
4.Қайықтың жарамдығын тексеру, оны құтқару жилеті, құтқару шеңбері, белдіктермен жабдықтау;
5.Қайықта шелектің немесе ондағы суды сыртқа шығару үшін ыңғайлы басқа да ыдыстардың болуы.
6.Балық немесе аң аулауға керекті құралжабдықтарды кеме бортының бойына, ал қалған бұйымдарды (киім, қолсөмке, чемодан) қайықтың отырғышының астына, тұмсығына немесе артқы бөлігіне жинақы орналастырыңыз. Қандайда бір төтенше жағдайға тап болсаңыз «101» немесе «112» немесе 2-12-85 нөміріне хабарласыңыз.
Аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі
09 тамыз 2023 ж. 404 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№73 (10338)

14 қыркүйек 2024 ж.

№72 (10337)

10 қыркүйек 2024 ж.

№71 (10336)

07 қыркүйек 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 1 586

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30