» » Отбасындағы бала тәрбиесінің маңызы

Отбасындағы бала тәрбиесінің маңызы


qarmaqshy-tany.kz Кеше білім бөліміне қарасты С.Есқараев атындағы №27 орта мектебінде «Қатыгездік пен зорлық – зомбылықсыз балалық шақ» ақпараттық науқаны аясында «Отбасы және бала тәрбиесі» тақырыбында ата – аналар жиналысы өткізілді.

Жиналысқа аудандық білім бөлімінің әдіскері А.Тоқшылықова, Қармақшы ауданының құрметті азаматы, ардагер ұстаз Д.Жалғасбаева, АПб – нің бастығының орынбасары полиция подполковнигі Қ.Ерманов, облыстық психоәлеуметтік кеңес беру орталығының дәрігері А.Балмаханова, аудандық СӨСҚ кабинетінің маманы Д.Құлмырзаевалар қатысып, ата – аналармен отбасының бала тәрбиесіндегі ролі жөнінде пікір алмасты. Кездесу қонақтары өз кезегінде ата – аналарға бала тәрбиесі және оқушыларға қатысты жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылық оқиғалардың алдын алу және болдырмау, балалардың психикалық жағдайларын дұрыс қалыптастыру мен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында түсіндірме жұмыстар жүргізіп, жаднамалар таратты.

Кездесуде келелі пікірлер айтылып, ата – аналар да өз тараптарынан жасалып жатқан жұмыстарға ризашылық танытып, алғыстарын білдірді.

17 қараша 2023 ж. 441 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№99 (10467)

27 желтоқсан 2025 ж.

№98 (10466)

23 желтоқсан 2025 ж.

№97 (10465)

20 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 139
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 788

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031