» » Мемлекеттік тіл - менің тілім!

Мемлекеттік тіл - менің тілім!

Қазақ тілі өте бай, құнарлы тіл. Соны сақтау, қастерлеу өзімізге сын.Қазір мемлекеттік тілдің жағдайы жақсара бастағанын, мемлекеттік тілге құрмет ар­тып, тіпті, еліміздегі өзге ұлт өкілдері де қазақ тілін үй­ре­нуге ден қоюда. Бұл арада бастысы халықтың өзінде қа­жеттілік, сұраныс болуы тиіс.              
Мемлекеттік тілдің күнделікті өмірдегі орны мен қолданылуы туралы аз айтылып та, аз жа­зылып та жатқан жоқ. Алайда, еліміздегі тілдік идеология, тілдік саясат орыс тіліне, орыс тілділердің сұранысын қанағаттандыруға ғана басымдық беруде. Солардың көңілін аулап, бабын тапсақ, елде сыйластық пен келісім орнайды деген қағида үстем болып келеді. Мемлекеттік тілді меңгеруге байланысты қазақстандық қоғам бүгінгі күні тілдік принцип бойынша қа­зақ тілді және орыс тілді болып екіге бөлінуде. Мемлекеттік тілдің өз мәртебесіне лайықты болмауының бір себебі – қазақ хал­қы тұрғындардың 70 пайызына жуығын құраса да, қазақ тілінде «ана тілі» ретінде сөйлейтін қазақтардың санының төмен болып қала беруінде.Сондықтан бүгінгі күні тіл саясатын асқан көрегендікпен жүргізу – мемлекетіміздің қалыптасуын және оның қауіпсіздігін жүйелі түрде жүргізудің басты шарты. Тіл саясатын жүргізу дегеніміз – мемлекетке атау берген, сол елдің көпшілігін құрайтын ұлттың мүддесін қорғау, саны басым ұлтпен санасу. Мемлекеттегі ресми шаралар, ұлтаралық және қоғамдық қарым-қатынастың барлық аясындағы кездесулер тек қана  мемлекеттік тілде кедергісіз өткізілуі тиісті. Мемлекеттік тілдің ресми функциясы сол тілдің өзінде болуы тиіс. Ұлтаралық қарым-қатынас тілі де тек мемлекеттік тіл болғаны жөн. Сонда ғана «Тіл туралы» заңда көрсетілген «Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы» болып табылатын мемлекеттік тілді меңгерудің сұранысына, мемлекеттік тілді білу қажеттілігіне, тілдік орта қалыптастырудың алғы шарттарына қол жеткізетін боламыз.
Мемлекеттік тіл – ерекше рухани құндылық. Қазіргі қолданыстағы Қазақстан Республикасы Қылмыстық процестік  кодексінің 30-бабына, Азаматтық процестік  кодексінің 14-бабына сәйкес «Қазақстан Республикасында қылмыстық және азаматтық сот ici мемлекеттiк тiлде жүргiзiледi. Ал қажет болған жағдайда сот iсiнде мемлекеттік тiлмен қатар орыс тiлі және басқа тiлдер қолданылады» делінген.
Қазір елімізде демографиялық жағдайымыз түзеліп, мемлекетті құраушы ұлттың саны 70 пайызға көтерілгенін, мемлекеттік тілдің қолдану аясы күннен-күнге кеңейіп, мәртебесі көтеріліп, толыққанды тілге айнала бастағаны иісі қазақ ағайындардың көңіліне қуаныш ұялатары сөзсіз.
Р.Бисенова,
Қармақшы аудандық сот әкімшсінің
бас маманы  
16 қараша 2023 ж. 334 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 288

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 383

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930